Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам проректормен пікір алмасты

Маңғыстау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі 11.12.2019 2775 0 пікір
Бас имам проректормен пікір алмасты

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаевпен сұхбаттасты.

Кездесу барысында маңғыстаулық студенттердің оқу үлгерімі, оларды жұмысқа орналастыру, оқу бағдарламасының жаңа әдістері, шәкірттердің әлеуметтік жағдайы, т.б. бірқатар мәселелер талқыланды. Өз кезегінде Әнуар Ізімбайұлы өкілдік тарапынан маңғыстаулық студенттерге қолдау жасалатынын, сонымен қатар болашақта жұмыспен қамтылатынын атап өтті.

Айта кетсек, бүгінде Маңғыстау облысынан келген 80 студент Нұр-Мүбәрак университетінде исламтану, дінтану, теология саласы бойынша білім алуда. Ал 2019 жылғы жаңа оқу жылында қабылданған студент саны – 33.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру