Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 11.12.2019 2553 0 пікір
ИГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ Мәжіліс залында мүфтияттың құрылғанына 30 жыл толуына байланысты атқарылатын бірқатар игі іс-шаралардың жоспары пысықталды.

Жиынға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, бөлім басшылары мен мамандар қатысты. Басқосуда екі мәселе қаралды. Біріншісі, жақында тағайындалған наиб мүфтиге қарасты бөлімдер анықталып, олардың жылдық есебіне қатысты дайындығы мен мүфтияттың 30 жылдығына арналған «30 игі шараның» атқарылу барысы пысықталды.

«Ең бастылары – алыс аймақтардағы бұрыннан жөндеу көрмеген мешіттерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, мерейтойлары ЮНЕСКО деңгейінде тойланатын әл Фараби мен Абай Құнанбайұлына арнап мешіт атын беру, сондай-ақ тәуелсіздік жылдары салынған мешіттерден фото альбом жасау жұмыстары да кезек күттірмейді» деді наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы.

Одан бөлек мүфтиятқа қатысты көрме ұйымдастыру, «Ел үлесі - пәтерге» жобасы аясында шалғайда тұратын имамдарды үймен қамту жағы да таса қалмайтыны айтылды. Осы қайырымдылық жобасы барысында жетім балалардың оқуын төлеу, баспанаға мұқтаж жандарды үймен қамту, әр аймақта асар жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алу қажеттігі баса айтылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру