Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Қайырымдылық акциясы өтті

http://www.islam-atyrau.kz/ 09.12.2019 2319 0 пікір
Атырау: Қайырымдылық акциясы өтті

Атыраудағы қайырымдылық акциясы Махамбет ауданында жалғасты. Бұл күні қамқорлықты қажет ететін елу отбасыға Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы азық-түлік пакетін табыс етті.

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне өткен бұл шара – адамзатты ізгілікке үндейтін бағдаршам іспетті.

«Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі – рухани-экономикалық жағы, басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау. Ал екінші қыры – іс-тәжірибелік жағы, іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу. Біз осындай ізгі шаралар арқылы қоғамды жақсылық жолында бірігуге үндеуіміз керек» деді бас имам.

Айта кетейік, қайырымдылық акциясы орталық мешіттің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Мәуліт» рухани кешінің билеттер сатылымынан түскен қаражат есебінен ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру