Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: 159-баспананың кілті табысталды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 09.12.2019 2253 0 пікір
Семей: 159-баспананың кілті табысталды

Семейде өткен Мәуліт шарасы кезінде «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 159-баспананың кілті салтанатты жағдайда табысталды.

Баспана кілті Семей қаласының тұрғыны, көпбалалы отбасының отағасы Талғат Асаубаевқа табысталды. Бас имам Асқар Әбітайұлы жомарттық жасап, жобаға үлес қосқан жұмыла көтерген халыққа, сондай-ақ осы қайырымдылық жобасына атсалысып жүрген барша жұртқа алғыс білдірді.

«Сіздерге Алланың нұры жаусын! Ағайын, садақа беру арқылы адамның өмір жасы ұзарады және судың отты сөндіргеніндей садақа күнәларды өшіреді!» деді ол.

Қоғамымызда бір-біріне қол ұшын созар қайырымды жандар көп болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру