ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет және басқа да облыстардың бас имамдары Нұр Мүбарак университетінің студенттермен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – түлектерді дін жолындағы қызметке шақыру және өзге студенттерді жазғы маусымда аймақ мешіттеріне тәжірибелік жұмыстарға баулу.
Бүгінде Нұр Мүбарак университетінде Қостанай облысы бойынша барлығы 25 студент білім алуда. 18 ер, 7 қыз бала оқуда. Алдағы 2020 жылы 8 студент осы оқу орнынан бакалавр дәрежесін алғалы тұр.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру