Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Үздік дін қызметкерлері марапатталды

Талғар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.12.2019 3346 0 пікір
Үздік дін қызметкерлері марапатталды

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты мешіт имамдары жылды қорытындылады.

Аудан имамы Мұсабек қажы Тағанұлы Талғар ауданына қарасты Төңкеріс ауылдық мешітінде бас қосқан имамдардың бір жылда атқарған жұмыстарының нәтижесін тыңдады. Имамдар 2019 жылы ҚМДБ-ның бекіткен төрт бағыты бойынша атқарған біршама игі шараларын ортаға салып, жоғары деңгейде тапсырып шықты.

Аудан имамы белсенді қызмет жасаған дін қызметкерлерін «Үздік имам», «Үздік наиб имам», «Үздік ұстаз» алғыс хаттарымен марапаттады.

Діни ағымдардың алдын алу, уағыз-насихат жұмыстары, қайырымдылық шаралары тағы да басқа бірқатар жұмыстар атқарған имамдар ақ дастархан басында бас қосып, ел амандығы үшін дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру