Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛАТАУДЫҢ БАУРАЙЫНДА АЙМАҚТЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі https://www.muftyat.kz/ 05.12.2019 3445 0 пікір
АЛАТАУДЫҢ БАУРАЙЫНДА АЙМАҚТЫҚ ИМАМДАР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)

Бүгін Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінде «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты аймақтық имамдар форумы өтті.

Игі басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Президент және халық» газетінің директор-бас редакторы Марат Байділдәұлы, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің деканы, профессор Ықтияр Молдатөреұлы, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай бастаған шаһар имамдары, университет студенттері қатысты.

Форумның төрінен орын алған ғалымдар мен дін қайраткерлері қоғамдағы рухани құндылықтардың мәні мен маңызын айрықша атап өтті.
«Біздің басты құндылығымыз – елдің амандығы мен жердің тыныштығы, бірлігі мен бейбітшілігі. Дін қызметкерлері мұны айтудан ешқашан жалыққан емес. Өйткені, пайғамбарымыз прогресске үндеген. Дамудың жолын көрсеткен. Кертартпа көзқарас алға жылжуды тежейді.
«Отанды сүю – иманнан» деген аталы сөз бар. Бұл – тілге жеңіл болғанмен, жүрекке жылы тиетін нақыл. Отбасын ізгілікке тәрбиелеу, елдің игілігіне қызмет ету, тұрақтылық пен тыныштыққа тілеулес болу, міне, Отанды сүю деген осыдан басталады. Отаншыл адам өз ортасын береке мен бірлікке бөлеп, ізгілікке үндеп жүреді.
Расында, халыққа қызмет етуден асқан ғазиз нәрсе жоқ. Әйгілі Әйтеке бидің «Өмірім – халықтікі, өлімім – өзімдікі» дейтіні сондықтан. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Араларыңда ең жақсыларың – айналасына пайдалы болғандарың», – деп қоғамға шуағын шашып, жақсылығын жайып жүретін көпшіл кісінің мәртебесін ерекше атап өткен», - деді Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Игі шара соңында форумның Үндеуі қабылданды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру