Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семей: Азаматтардың еңбегі еленді

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.12.2019 3004 0 пікір
Семей: Азаматтардың еңбегі еленді

Елордада өткен ІІІ имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжаты жамағат бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыра отырып, ұлттық құндылықтартуға бағытталған. Құжатта адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті қасиет айрықша аталады.

Дәлірек айтқанда, имандылық, отанды сүю, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениеттілік және әділетті болу секілді асыл қасиеттерді әр адам баласы өз бойына қалыптастыра білсе, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған берекелі қоғам орнары сөзсіз. Осыған орай Семей қалалық Абай драма театрында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасының мақсаты мен міндеттерін ел арасында кеңінен насихаттау бағытында елімізге өз еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтарға жеті номинация бойынша жүлделер берілді.

Үздік азаматтарға көпшілік алдында Семей аймағы бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы салтанатты түрде сый-сияпатын тапсырды.

ИМАНДЫЛЫҚ  номинациясының жеңімпазы – Мұзафар Ахметсафаұлы. 1970 жылдан бері Медициналық институтының  ұстазы. Профессор, доцент, медицина ғылымының кандидаты. Әкесі Ахметсафа Қалдыбайұлы 1954-1973 жылдар аралығында имам қызметін атқарған. 10 тілді жетік меңгерген. 1958 жылы қажылық парызын өтеп келген.

ОТАНШЫЛДЫҚ номинациясының жеңімпазы – Салех Мухаммад Самиғулла. 2003 жылы Отанымыз Қазақстанға оралған қандасымыз. Жеке кәсіпкер. Қари.

БІЛІМДІЛІК номинациясының жеңімпазы – Арафат Мәжитұлы. Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің гуманитарлық факультетінің деканы. Арафат Мәжитұлының жетекшілігімен «Еуродит гроуп» білім беру орталығы құрылып, бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Орталық Ұлттық бизнес рейтингінде «Жыл үздігі» номинациясын иеленді. Сондай-ақ оның қолдауымен 100-ден аса студент шет мемлекеттерде білім алуда. 3 монография, 50-ден астам ғылыми әдістемелік мақалалар мен тезистердің авторы.

АУЫЗБІРШІЛІК номинациясының жеңімпазы – Гүлжихан Әмірғалиқызы. 1991 жылдан бері «Әмина» мұсылман әйелдері  одағының төрайымы. Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттауға зор үлес қосып келеді.

ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ номинациясының жеңімпазы – Абылайхан Қалқаұлы. Темірден түйін түйген шебер. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы. Түрлі республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы.

МӘДЕНИЕТТІЛІК номинациясының жеңімпазы – Мақсат Рахиев. Семей қалалық мәдениет сарайының әншісі. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету секілді қайырымдылық шараларының ұйымдастырушысы.

ӘДІЛДІК номинациясының жеңімпазы – Диас Ернұрұлы. Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің «Бизнес инкубатор» орталығының басшысы. «Жас заң достастығы» қоғамдық қорының мүшесі. Әлеуметтік жобалардың авторы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру