Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт жамағаты жарап тұр

Тарбағатай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 04.12.2019 2899 0 пікір
Мешіт жамағаты жарап тұр

Ақжар ауылындағы Байжігіт баба мешітінің имамы Аманкелді қажының ұйымдастыруымен мешіт жамағаты Жетіарал ауылдық округіне қарасты Болат теліміне 2 гектар жерге көктемде картоп салған еді.

Күзде жиналған 4 тонна өнім енді ел игілігіне жұсмалуда. Атап айтқанда, Ақжар ауылындағы аз қамтылған 50 отбасыға осы 4 тонна картоп түгел таратылып берілді. Бұл жайлы Тарбағатай ауданының әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ, тұрмысы ауыр 2 отбасыға 80 мың теңге ақшалай көмек берілсе, тағы 2 отбасыға әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер таратылды.

Тәуелсіздік күніне арналған қайырымдылық акциялары жалғасады дейді ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру