Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ ШЕТЕЛ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДІҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Ислам институтының баспасөз орталығы 03.12.2019 4573 0 пікір
БАС МҮФТИ ШЕТЕЛ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДІҢ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы, еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлы ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білімін жетілдіріп жатқан имамдармен кездесті. «Қазан-желтоқсан, 2019» оқу легінде Ресейден, Моңғолиядан және еліміздің түкпір-түкпірінен келген 42 имам білімін жетілдіруде.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы имамдармен жылы көрісіп, дін қызметкерлерінің көкейінде жүрген мәселелерге тоқталып кетті. Соның бірі имам-молдалардың жалақысы жайында: «Қоғам мүшелерінің өмірінде орын алатын  ащы да, тұщы, ыстық та, суық та жағдайларын көріп, қолдау көрсетіп,  халық пен биліктің ортасындағы бейне бір алтын көпір іспетті, діні мен дәстүрін сабақтастырып еңбек етіп келе жатқан тұлғалар – діндарлар. Сондықтан да діни тұлғалардың тұрмыстық жағдайын, әлеуметтік мәселесін көтеру және қамқорлық жасау мақсатында жуырда мемлекеттік органдардың, Президент аппараты қызметкерлерінің қатысуымен өткен имамдардың  республикалық III форумында дін қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін көтердік. Мақсатымыз  – ең бастысы мешіт қызметкерлерінің жалақысын жүйелі түрде толық қамтамасыз ету. Мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама құрдық. Бұл бағдарламамен алдымыздағы қаңтар, ақпан айларында ауыл, аудан деңгейіндегі мешіт қызметкерлерінің жалақысын толық қамтамассыз етуді бастаймыз» деді.

Бас мүфти: «Форумда «Жеті рухани қазық»  тұғырнамасы қабылданды. Бұл мұсылманның бойындағы негізгі көркем сипаттарды қамтиды», – деп сол сипаттарға кеңінен тоқталып кетті.   

Сөз соңында хазірет Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: «Өз атымнан және діни басқарма атынан Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажыға алғысым мен ризашылығымды білдіремін. Ауыл-аудан деместен осындағы барлық имамдардың жағдайын жасап, жүйелі түрде тынымсыз еңбек етіп келе жатыр. Ислам институтында білім тереңірек беріледі. Құранды сауатты оқып, тәджуидіңізді түзеп отырасыз. Шариғат іліміндегі және дәстүрге қатысты біраз мәселелерді кеңінен біліп, еркін пікір алмасасыздар. Ислам институтының ұжымы дін қызметінің ыстық-суығына көніп, еңбек етуде», – деп өз алғысын білдірді.

Іс-шара Ислам институтының ұйымдастыруымен «Ниет» қайырымдылық қорының қолдауымен «Имамға құрмет – ұстазға ізет» атты акциясына жалғасты. Акция аясында білімін жетілдіріп отырған әр имамға 5 түрлі жаңа қыстық киім таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру