Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылжар: Ардақты пайғамбарға арналды

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі 03.12.2019 2646 0 пікір
Қызылжар: Ардақты пайғамбарға арналды

Cолтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Үмметіне үлгі болған Мұхаммед» атты ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арналған Мәуліт кеші өтті.

Алғаш болып құттықтау сөз алған Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Ережепұлы мұсылман жұртшылығын Мәуліт мерекесіменен құттықтап, ұйымдастырушы тарапқа алғыс білдірді.

Өз кезегінде СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сатыбалдыұлының құттықтау сөзін жеткізіп, Пайғамбарымыздың өнегелі өмірінен уағыз-насихат айтты.

Бұдан кейін ғибратты көріністер қойылып, ақындарымыз терме орындап, жыр шумақтарыменен жұртшылыққа Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) асыл қасиеттерін жеткізді. Мәуліт жиналған кеш қонақтарына арнайы жайылған дастархандағы ақ батамен аяқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру