Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбылдықтар ақида ілімінен сайысқа түсті

http://asyldin.kz/ 03.12.2019 2850 0 пікір
Жамбылдықтар ақида ілімінен сайысқа түсті

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде облыс мешіттері жамағаттары арасында «Нұр Мүбарак» университетінің аға  оқытушысы Серік Тәжібаевтың «Пайғамбар ақидасы» атты кітабынан білім сайысы өтті.

Білім додасына Тараз қаласы мен аудандардан келген мектеп оқушыларынан бастап мешіт жамағатының ақсақалдарына дейін қатысты. Атап айтқанда, Тараз қаласынан – 42, Мойынқұмнан – 3, Жамбылдан – 3, Меркіден – 5, Шудан – 3, Таластан – 4, Қордайдан – 3, Сарысудан – 4, Байзақтан – 3, Жуалыдан – 3, Т.Рысқұловтан 5 үміткер келді. Сайысқа қатысушы 78 үміткерді өздерімен бірге келген жанкүйерлері қызу қолдап отырды.

Жоспарлы түрде ұйымдастырылған сайыс алдын-ала дайындалған тақырыптарымен қазақ және орыс тілдерінде 2 тур бойынша өтті. Бірінші тур 20 сұрақтан құралған тест болса, екіншісіне сұрақ-жауап түрінде билеттер дайындалды. Білім сайысының жүргізушісі, медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы қатысушылар мен жанкүйерлеріне сәттілік тілеп, сайыстың шарттарымен және әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтті.

Әділ қазылар алқасының төрағасы Жамбыл облысының бас имамы Қанат Жұмағұл, ал қазылар медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы, «Әзрет Әлі» мешітінің бас имамы Ембергенов Амангелді және медресе ұстазы Наркес Боханов болды.

Сайыс соңында әділ қазылар алқасы тарапынан тест нәтижесі бойынша 100% жауап берген 7 жеңімпаз іріктеліп алынды. Екінші турға шыққан осы 7 үміткер арнайы дайындалған сұрақ-жауап бойынша сайысқа түсіп, жеңімпаздар анықталды. Білім сайысының сыйлығына ие болып, жеңісінің жемісін көрген 7 азамат әділ қазылардың әділ шешімімен төменгі орындарды місе тұтты.

1-орын – «әл-Фирдаус» мешітінің жамағаты Бақдаулет Тұрғанбеков (70 000 теңге)

2-орын – «Әзрет Әлі» мешітінің жамағаты Әділет Махамбет (50 000 теңге)

3-орын – Сарысу аудандық мешітінің жамағаты Забибулла Назаров пен Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің жамағаты Тұрсынхан Тілеуқұл (30 000 теңге).

Одан бөлек 3 жеңімпазға 10 000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді.

Жиын соңында орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысушылар мен жанкүерлерге алғыс айтып, әрбіріне Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. Аудандардан арнайы келген қатысушыларға медресе асханасында дастархан жайылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру