Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

157-баспананың кілті берілді

Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қоры өкілдігі 01.12.2019 2671 0 пікір
157-баспананың кілті берілді

Текелі қаласында Мәуліт мерекесі салтанатты жағдайда өтті. Осы шарада «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 157-баспананың кілті табыс етілді.

Үйлі болу бақыты өз балаларымен бірге қайтыс болған туысының артында қалған балаларын да қамқорлығына алып, барлығы жеті баланы тәрбиелеп өсіріп отырған Майгүл Балымбетованың отбасына бұйырды.

Берекелі Мәуліт мерекесінде «Зекет» қорының қайырымдылық жобасымен үй беріліп ғана қоймай, тағы бес отбасына қаржылай көмек таратылды... Баспаналы болған отбасының  қуанышына себепкер болған Текелі қаласының  әкімі Бақтияр Әлтайұлына, жергілікті кәсіпкерлерге, сондай-ақ аталған іс-шараны ұйымдастырған Текелі қаласының бас имамы Аман Айтбосынұлына және Текелі қаласы бойынша «Зекет» қорының өкілі Солтан Ақиқатқа ерекше  алғыс білдіреміз. Қоғамымызда бір-біріне қол ұшын созар қайырымды жандар көп болсын!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру