Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Лаңкестікпен күрес – елге қосқан үлес

Жәнібек аудандық мешітінің баспасөз қызметі 29.11.2019 2584 0 пікір
Лаңкестікпен күрес – елге қосқан үлес

«Аманат-Жайық» қоғамдық қорының «Ақпараттық сауаттылық-қоғамдағы қауіпсіздік кепілі» жобасы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Жәнібек ауданының барлық ауылдық округінде кездесулер өтті.

Діни экстремизм мен терроризмге және деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында аудандық мешіттің бас имамы Е.Абдуғалиев және наиб имам С.Тасмұханов, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Елемесов, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Д.Ғайнуллин ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесулер Талов, Жақсыбай ауылдық округінің мәдениет үйлерінде, Тау, Қамысты, Тегісшіл, Күйгенкөл, Ұзынкөл, Ақоба ауылдарының мектептерінде өтіп ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлеріне, мектеп ұжымы мен оқушыларға терроризмге қарсы ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру бағытындағы бейнероликтер көрсетілді. Кездесу барысында Есенболат Абдуғалиев ислам дінінің ерекшелігі туралы айтып, бойында иманы бар адам ешуақытта жамандыққа бармайтыны жайында ой өрбітті. Сондай-ақ тақырып төңірегінде қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұдан бөлек кездесулерде ақпараттық кітапшалар таратылып,теріс ағымдағы дін өкілдерінің үгіттеуіне еріп кетпеудің жолдарын көрсетіп, олардан жастарды қалай қорғау керектігі жөнінде түсінік берді.

Кездесу соңында аудандық мешіттің бас имамы Есенболат Қадырұлы «Пайғамбар ақидасы» кітабын және «Мұнара» газетін мекеме басшылығына табыс етті. 350-ден астам адам қамтылған кездесулер нәтижесінде ауыл тұрғындары мен жастар діни экстремизм мен терроризм туралы көп жаңа ақпаратпен танысып, қоғамдағы түрлі саяси-әлеуметтік құбылыстармен қатар, мәдени-рухани даму үшін де діннің атқарар қызметі зор екенін түсінді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру