Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Аймақ имамдары есеп берді

«Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі 29.11.2019 2288 0 пікір
Атырау: Аймақ имамдары есеп берді

Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлына қала және аудан имамдары есеп берді.

Жиын барысында жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың есебі алынып, алдағы жылдың межесі сараланды.

Мәселен, Исатай ауданындағы «Зинеден Құрасұлы» мешітінің бас имамы Шалқар Дәулетханұлының айтуынша, жыл басынан бері ауданда жамағат алдында түрлі тақырыпта 2310 мәрте уағыз айтылды. «Уағыз-насихат жұмыстары 108 мың 720 адамды қамтыды. Есепті мерзімге дейін аудандық орталық мешіттің бастамасымен 7 мәрте қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды» дейді ол.     

Қала және аудандарда атқарылған істердің есебін тыңдағаннан кейін  Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы алдағы жылдың жұмыс жоспарын талқылады.

«Жақында ғана елордада өткен жиын кезінде мүфтият жұмысы үшін маңызы зор үш бірдей құжат қабылданғаны белгілі. «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізімі» және «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы біздің жұмысымыздың басты темірқазығына айналуы тиіс. Дінімізді адамгершілікпен, иманмен дәріптеу бағытындағы жобаларымыз жалғасады» деп атап өтті бас имам.

Есеп беру жиыны кейін спорттық бәсекеге ұласты. Салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында имамдар волейбол ойыны бойынша бәсекеге түсті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру