Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам – Бәйтерек ауданында

Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.11.2019 2671 0 пікір
Бас имам – Бәйтерек ауданында

Мәуліт мерекесіне орай ҚМДБ Батыс облысы бойынша бас имамы, облыстық мешітінің бас имамы, «Орал» медресесінің директоры Мұратбек қажы Қыстаубаев жақында Бәйтерек ауданының жамағатымен кездесті.

Аудандық мешіттің бас имамы Бағдат Русланұлы аймақтағы дін саласында атқарылып жатқан істер жайлы баяндады.

Бас имам аудан әкімі Асхат Шахаровтың қабылдауында болып, өңірдің діни ахуалы, қоғамдағы діннің рөлі және діни бірлестіктер жұмысын жетілдіру жайын талқылады. Одан әрі Мұратбек Мұхтарханұлы  аудандық тарихи-өлкетану музейінде жұртшылықпен кездесті.

Аудан әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековтің төрағалығымен өткен басқосуда діннің тазалығы, дінге заң нормаларының сақталуы, жастар тәрбиесі, ата-анаға құрмет білдіру, елдік мақсатқа үлес қосу жайында әңгіме болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру