Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оқушыларды оқу-білімге шақырды

Орал қалалық кітапханасы 28.11.2019 2991 0 пікір
Оқушыларды оқу-білімге шақырды

Оралдағы қалалық кітапханасы және №46 мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Имандылық – адамгершіліктің асыл қасиеті» атты рухани шара өтті.

Шараға Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының магистрі, ҚМДБ БҚО бойынша баспасөз хатшысы Нұрлан Саматұлы қатысты. Ол имандылық тақырыбында рухани әңгіме өрбітті.

«Абай атамыз айтқан адам бойындағы болатын жақсы қасиеттердің барлығы Ислам дінінен алуға болады. Ел болуға дінің керек, екінші ардақты ана тілің керек. Шындық пен адал иман керек, мейірімділік пен білім керек. Сондықтан адамгершіліктің асыл қасиеті болған – имандылығымызды жүрегімізден өшіріп алмайық» деген Нұрлан Саматұлы оқушыларды оқу мен білімге шақырды.

Кеш соңында кітапханашы Ботагөз Сейсенғалиқызы мен мектептің кітапхана меңгерушісі Жұмагүл Сарсенбайбайқызы Нұрлан Саматұлына алғыс айтып, естелік суретке түсті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру