Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арман Қуанышбаев Науан хазірет мешітінде болды

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 28.11.2019 2482 0 пікір
Арман Қуанышбаев Науан хазірет мешітінде болды

Белгілі дінтанушы, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев Көкшетау қаласында түрлі кездесулер өткізді.

Алдымен облыс орталығындағы Тілеулес қажы атындағы Құран жаттау білім ошағында болып, жас қариларға Алланың кәләм сөздерін жаттатудың әдістемелік бағдарламасымен танысты. Жас шәкірттермен әңгімелесіп, тілегін білдіріп, бата берді. Орталық директоры Теміржан ұстазға оқыту әдістемесін жаңаша жүргізудің бағдары туралы ұсыныстар айтты.

Арман Қуанышбаев облыс орталығындағы Науан хазірет және Жақия қажы мешіттерінде жамағатпен кездесіп, уағыз айтты. Сондай-ақ ғасырлық тарихы бар Жақия қажы мешіті жанынан салынып жатқан жаңа діни ғимараттың құрылыс барысымен танысты.

Жақия қажы мешітінде Арман Қуанышбаев мүфтият бекіткен «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы жөнінде баяндап, оның сыр сипатын тереңірек түсіндірді. Арман Қуанышбаев дініміздің асыл құндылықтарын тілге тиек етті. Имандылық, ауызбіршілік тақырыбындағы салихалы сұхбат өрілді. Бұл әңгімені жамағат жақсы қабылдады.

Өз кезегінде облыс имамы Қуаныш Сәбит дінтанушы ғалымға ел атынан өзінің ризашылығын білдірді. Шара соңы ас берумен аяқталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру