Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жайық ет» құс фабрикасы тексерілді

"Халал Даму" ЖШС 27.11.2019 5005 0 пікір
«Жайық ет» құс фабрикасы тексерілді

Батыс Қазақстан облысына арнайы іс-сапармен барған «Халал Даму» ЖШС бас технологы А.Омарова мен Орал өңірі бойынша жауапты өкіл А.Асылбеков «Жайық ет» құс фабрикасын тексерістен өткізді.

Жылына 7 мың тонна құс етін өндіретін «Жайық ет» кәсіпорны еуропалық заманауи технологиямен жабдықталған. Қазіргі таңда еліміздің батыс өңірін құс өнімдерімен қамтып қана қоймай, көршілес Ресейге де құс етін экспорттаумен айналысады.

Кәсіпорын жұмысын ҚМДБ халал стандарт талабына сәйкестігі тексерілді. ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің «Мал бауыздау және ет өңдеу» 1:2016 стандартының басты талабы – малды «Бисмиллаһ» айтып, тек қолмен бауыздау. Стандарт бойынша арнайы құралмен адамсыз союға рұқсат етпейді. Өйткені, тауықтың екі күре тамыры, кеңірдегі мен өңеші кесілуі керек. Тауыққа берілетін жем де таза болуы талап етіледі. 

Құстың жұмыртқаларынан бастап, балапандардың инкубаторда өсуі, қоректенуі секілді барлық процесс қадағаланады. Сонымен қатар, сулы ванна температурасы, конвейрде айналу ұзақтығы, салқындатқышта ұстау уақыты секілді процестердің орындалуы бекітілген уақыт өлшеміне дейін халал стандартқа сәйкес келуі есептелінеді.

Тексеріс барысында «Жайық ет» құс фабрикасы ҚМДБ халал сертификатын алу үшін халал стандартқа сай реттеуді ескертті. Қасапшылар мен өзге де қызметкерлерге технолог маман халал және харам, халал өнім өндіру және өңдеу тақырыбында оқу-семинар өткізді.

«Жайық ет» құс фабрикасына 2 ай сынақ мерзімі ішінде ескертулер мен кемшіліктерді реттеуге уақыт берілді. Айтылған ескертулер мен талаптар орындалған жағдайда ғана «ҚМДБ Халал» сертификаты беріледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру