Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Арман Қуанышбаев студенттермен кездесті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 27.11.2019 3030 0 пікір
Арман Қуанышбаев студенттермен кездесті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде танымал дінтанушы-ғалым Арман Қуанышбаев белсенді жастарымен жүздесіп, сұхбаттасты.

Кездесуді университет ректоры Марат Сырлыбаев өзі ашып, жүргізіп отырды. Арман Қуанышбаев өзінің жүрекжарды сөзін елдің ертеңгі тұтқасы болар жастардың білімі мен ғылымына арнады.

«Біз экономика арқылы бір белесті бағындырармыз. Бірақ білімсіз ешқандай асуды ала алмасымыз анық. Сондықтан бүгінгі жастар заманның талабына сай аса білімді болғаны жөн. Біздің асыл дініміз де осы құндылықтарды насихаттайды» деді ол.

Университет студенттері ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасына деген қызығушылығы басым екенін аңғартты. Себебі бұл құжатта адамның болмыс-бітіміндегі ізгіліктен басталатын барлық жақсы сипаттардың топтасуы жөнінде айтылады. Арман Қуанышбаев өз сөзінде осы тақырыпқа тереңірек тоқталды.

«Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Елін сүйген адам оның тілін де асқақ ұстайды. Дініне де құрметпен қарайды. Дінді жеккөрінішті етіп көрсету арқылы жат ағымдардың жастардың санасын улап жатырғаны жасырын емес» деді.

Келелі кездесуге облыстың имамы Қуаныш Сәбит те қатысып, жастардың білімге, рухани құндылықтарға деген қызығушылығына тәнті болғанын жеткізді. Айта кетейік, осы кездесуді өткізуге мұрындық болған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – бағзыдан келе жатқан берекелі қарашаңырақ. Өңіріндегі елеулі оқиғалар бұл оқу ордасы студенттерінің қатысуынсыз өтпейді. Сырттан келген құрметті меймандар осы университетке бас сұқпай кетпейді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру