Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дарын» сыйлығының лауреаттары белгілі болды

https://egemen.kz/ 27.11.2019 2896 0 пікір
«Дарын» сыйлығының лауреаттары белгілі болды

Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін 2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы лауреаттарының есімдері жарияланды.

 «Эстрада» номинациясы бойынша

Макин Əділхан Құрманғалиұлы – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 3-курс студенті

Айтімбай Марат Төреханұлы – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының солисі, конферансье

 «Классикалық музыка» номинациясы бойынша

Мұсахан Данара Ерұланқызы – Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Музыкатану жəне композиция» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD)

Жамбаев Əзімбек Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 1-курс магистранты

«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша

Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы – айтыскер

Сатыбалдиев Жарас Болатұлы – «Батыс Қазақстан облысы мəдениет басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорнының əртісі, дирижер

«Əдебиет» номинациясы бойынша

Байбұланова Жадыра Төкенқызы – «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамы «Хабар 24» телеарнасының редакторы

Смағұлов Бекзат Болатжанұлы – Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Мəдениет жəне өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының сарапшысы

«Театр жəне кино» номинациясы бойынша

Серкебаева Алтынгүл Ерболқызы – Нұр-Сұлтан қаласы əкімдігінің «Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорнының актрисасы

Өтепберген Аян Өмірəлі – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі «М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының актері

«Спорт» номинациясы бойынша

Тұрсынбаева Элизабет Байтаққызы – мəнерлеп сырғанаудан 2019 əлем вице-чемпионы, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы Универсиада-2019 күміс жүлдегері

Қоңқабаев Қамшыбек Бисенбайұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Əлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны

«Дизайн жəне бейнелеу өнері» номинациясы бойынша

Жүзбай Айжан Қуанышəліқызы – «Жүзбай дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас дизайнер, «Қазақ сəн қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті

Мүсіреп Сырым Еламанұлы – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Мүсін» мамандығы бойынша 4-курс студенті

«Журналистика» номинациясы бойынша

Түсіпов Мырзабек Нағашыбекұлы – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы

Тасқалиев Айбек Серікұлы – Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газетінің тілшісі

«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша

Ибрагимов Нұрсұлтан Құдайбергенұлы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы

Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы – «Қазақстанның студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті

 «Ғылым» номинациясы бойынша

Нұрлан Қанат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілінің бағыты бойынша «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымын Н. Н. Боголюбов атындағы теориялық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері

Ерланұлы Ерасыл – Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі «əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология жəне компьютерлік физика кафедрасының 2-курс PhD докторанты

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына əр номинация бойынша 600 мың теңге сомасында қаржылай сыйлық беріледі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру