Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Орталық мешітте 20 отбасыға азық-түлік таратылды

Атырау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 27.11.2019 2352 0 пікір
Атырау: Орталық мешітте 20 отбасыға азық-түлік таратылды

Қасиетті Мәуліт айының құрметіне Атыраудың орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Акция аясында аймақтың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы 20 отбасыға азық-түлік табыс етті.

Акция негізінен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларды қамтыды. Ет өнімі және күнкөріс себетіндегі ең қажетті азық-түлікпен толыққан, әрқайсысы 25 келі болатын пакеттерді облыстың бас имамы  мұқтаж жандарға өз қолымен табыс етті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бекіткен негізгі жұмыс бағыттарының қатарында қайырымдылық мәселесі де бар. Мешіттер мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырған емес. Бұл жолы шарамыз Мәуліт айының құрметіне ұйымдастырылып отыр. Мәулітті біз Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтумен бірге, ізгі істер жолында да бірігуіміз керек» дейді Алтынбек Ұтысханұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру