Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде өңірлік форум өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 27.11.2019 2789 0 пікір
Өскеменде өңірлік форум өтті

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық драма театрында «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты өңірлік форумы өтті.

Форум жұмысына ҚМДБ Уағыз-насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұров және ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы, облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Қасболатұлы, өңір имамдары, қариялар, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты.

Алқалы жиында баяндама жасаған ҚМДБ Уағыз-насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Б.Мансұров: «Республикалық имамдар форумында бекітілген «Жеті рухани қазық» құжатын қоғамның барлық саласында насихаттау аса маңызды. Сондай-ақ, «ҚМДБ қызметкерлері атқаратын діни қызметтер тізілімі» құжатында әрбір дін қызметкерінің атқаратын міндеті жүйеленді. Бұл әрбір имамның, молданың, ұстаздың қызметтік міндетін айқындап береді. Аталған бастама өз кезегінде діни қызмет сапасының жоғарлауына, діни сауаттылықтың артуына ерекше ықпал етеді» деп атап өтті.

Форумда жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев сөз сөйлеп, қоғамдағы рухани құндылықтардың маңызы жайлы айтты. «Ұлттың жойылуына және рухани азғындауға алып келетін кез келген бағдарлама, жоба, ағымдар толық жойылуы тиіс. Ұлтымыздың рухани толысуына білімнің әсері ерекше. Біз өз ұлттық құндылықтарымызды қорғай алмасақ, ертең азғындауға ұшырап, бет-бейнемізден айырылуымыз мүмкін» деп, бүгінгі қоғамның ахуалына тереңнен талдау жасады.

Жиында қоғам қайраткері Түсіпхан Түсіпбеков, Бағдаулет Мурсалимов, Рашитбек Мұхамеджанов қатарлы аға буын өкілдері рухани тәрбие және «Жеті рухани қазық» құжатына байланысты ойын ортаға салды.

Шығыс Қазақстан облыстық «Ақсақалдар алқасының»  төрағасы, қоғам қайраткері Манарбек Мұхамеджанов «Жеті рухани қазық» құжатын насихаттай отырып: «Өңірде рухани бағытта көптеген тың бастамалар іске асып жатыр. Мешітте мұражай ашылып, рухани-танымдық іс-шаралардың жиі өтуі бұған дәлел» деп, өкілдіктің атқарып атқан істерін айрықша атап өтіп, жиынды қорытындылады.

Шараға қатысуышыларға «Жеті рухани қазық» кітапшасы мен ҚМДБ-ның төл басылымы «Мұнара» газеті таратылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру