Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Пәтуа берудің маңызы зор

https://azan.kz/ 26.11.2019 2763 0 пікір
Алматы: Пәтуа берудің маңызы зор

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің ұйымдастырумен Алматы қаласы имамдарына арналған «Қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігі» атты екікүндік семинар-тренинг өтті.

Семинарға аталған бөлімнің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай және қала бойынша пәтуа беруге жауапты білікті имамдар қатысты.

Сансызбай Құрбанұлы өз сөзінде имамдарға пәтуаға байланысты жаңа мәселелерді, әдіс-тәсілдерді үйретіп, қазіргі қоғамда пәтуа берудің маңыздылығы мен жауапкершілігіне кеңінен тоқталды.

Ал Еркінбек Шоқай имамның қоғамдағы рөлі мен пәтуа берудің қоғамдық мәселелерді шешудегі орны туралы айтты. Қала имамдары семинардан мол рухани азық алып, пәтуаға байланысты тың мағлұматтарға қанықты.   

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру