Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауылда мәуліт кеші өтті

Талғар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі 26.11.2019 2698 0 пікір
Ауылда мәуліт кеші өтті

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында Мәуліт кеші өтті.

Ауыл мешітінің ұйымдастыруымен өткен игі шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара аясында мерекелік дастархан үстінде аудан имамы Мұсабек қажы Тағанұлы уағыз-насихат айтты. Сондай-ақ Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өміріне қатысты арнайы әзірленген видео-ролик көрсетіліп, түрлі термелер орындалды.

Арнайы Мәуліт жыры оқылып, мерекеге келген меймандарға сыйлықтар үлестірілді. Ауыл тұрғындары Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірімен танысып, мәз-мейрам болып тарасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру