Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: Үш отбасыға баспана сыйлады

«Зекет» қайырымдылық қорының Талдықорған өкілдігі 25.11.2019 2559 0 пікір
Талдықорған: Үш отбасыға баспана сыйлады

ҚМДБ «Зекет» қайырымдылық қорының «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында Талдықорған өңірінде үш бірдей отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді.

Бұл жолғы баспана кілттері Сарқан және Ақсу ауданындағы тағдыр тауқыметін кешкен мұқтаж әрі есту және сөйлеу қабілетінен айырылған ерлі-зайыптылар отбасына және әлеуметтік жағдайы төмен үй-күйсіз жүрген отбасыларға табысталды.

Жомарттық жасап, жобаға үлес қосқан ақсулық кәсіпкер бауырымызға, жұмыла көтерген халыққа, сондай-ақ осы қайырымдылық жобасына атсалысып жүрген баршаңызға алғыс білдіреміз!

Сіздерге Алланың нұры жаусын! Иә, ағайын, садақа беру арқылы адамның өмір жасы ұзарады және судың отты сөндіргеніндей садақа күнәларды өшіреді!

Ендеше, үздіксіз жалғасын тапқан жобаға сіз де үлес қоса аласыз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру