Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ясмин» шұжық цехы тексерілді

"Халал Даму" ЖШС 21.11.2019 3420 0 пікір
«Ясмин» шұжық цехы тексерілді

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификаттаудан өткен барлық мекемелерге қояр талабының бірі – «Халал Даму» бақылаушы-инспекторларының ай сайын кедергісіз тексеріс жұмыстарын жүргізуі.

Тексеріс барысында арнайы акт толтырылып, есебі ұсынылып отырады. Бұл – ҚМДБ халал бөлімінің ашықтық пен жариялылығының бір дәлелі.

ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков және бас технолог А.Омарова Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ЖК «Ясмин» шұжық цехында айлық тексеріс жұмыстарын жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, шұжық цехындағы барлық жұмыстар «ҚМДБ халал стандарты» талаптарына сай орындалып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ құралдары «шошқа ДНК-сы табылды» деп жариялаған шұжық өнімдерінің қатарында ЖК «Ясминнің» де аты аталған еді. Осы ақпарат шығысымен «Ясмин» шұжық өнімдерін тексеріп, Алматы қаласындағы TreeGene молекулярлық-генетикалық зертханадан өткіздік. Зертхана нәтижесінде шұжықтарда шошқа ДНК-сы табылған жоқ.

ЖК «Ясмин» шұжық цехы – тапсырысқа қарай күніне 3-4 тонна өнім шығаруға қауқарлы мекеме. Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі С.Сейтбеков талапқа сай жұмыс жасап отырған цех басшысына ризашылығын білдірді.

 Төменде ЖК «Ясмин» өнімінің зертханада өткен қорытындысының суреттері берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру