Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Намаз – ұлы құлшылық | жұма уағызы

26.03.2019 12256 0 пікір

 

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ، وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ، وَلَا عُدْوَانَ إِلَّا عَلَى الظَّالِمِينَ، وَأَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ، وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لُهُ الْمُلْكُ وَ لَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِير،وَأَشْهَدُ أَنَّ سَيِّدَنا وَحَبِيبَنَا وَشَفِيعَنا مُحَمَّدًا صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ  ، وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ، وَمَنْ سَارَ عَلَى نَهْجِهِ، إِلَى يَوْمِ الدِّينِ،

На­маз – Алла мен құл ара­сын­да­ғы байла­ныс не­гі­зі. На­маз - күл­лі шүкір­ді қам­ты­ған ғи­ба­дат. Намаз - діннің діңгегі, пенде мен Раббысы арасындағы байланыс көпірі. Сондықтан ол – құлшылықтардың ең биігі әрі ең мәртебелісі. Намаз арқылы мүмін өзін жоқтан бар еткен Раббысына миғраж жасайды. Намаз арқылы күнәсі төгіледі. 

Алла Тағала мұсылмандарға барлық жағдайда - үйінде және сапарда, дені сау және ауырған кездерінде намазға ұқыпты болуды бұйырды.Мы­на кө­рін­ген жә­не кө­рін­бе­ген шек­сіз әлем қаңыра­ған бос са­рай емес. Ке­рі­сін­ше, он­да Алла Та­ға­ла­ға ғи­ба­дат ет­кен сан­сыз пе­ріште­лер бар. Кей­бір пе­ріш­те­лер жа­рал­ға­лы сәж­де­де. Ен­ді бі­рі жа­рал­ға­лы рү­күғ­та. Ен­ді бі­рі түрегеп тұ­рып, Алла Та­ға­ла­ны нұқ­сан­дық пен шірк атаулыдан пәк­теп, ғи­ба­дат ету­де. Сол се­беп­ті, әлем тұтастай Ұлы Жаратушыға ғи­ба­дат­та. Мы­са­лы, алып бәйте­рек­тер кі­ші­лі­гін паш етіп, қол­да­рын жер­ге жай­ған сүм­бі тал­дары са­мал жел­мен тербе­ле қоз­ға­лып, Жа­ра­ту­шы­ға ғи­ба­дат жа­сайды. Пла­не­та мен ас­пан де­не­ле­рі бір-бі­рін бейне бір Қағ­ба тә­різ­ді айна­лып, күл­лі әлем Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны пәктеп, өз тіл­де­рі жә­не іс-әре­кет­те­рі­мен ғи­ба­дат үс­тін­де. Мі­не, осы­ның бә­рі на­маз­да бар. 

Намаз — балиғатқа толған, ақыл-есі түзу әр мұсылманға парыз.Ақырет­те адам ба­ла­сы есеп­ке тар­тыл­ған­да, ең ал­ды­мен сұралатын ғибадат та на­маз. Пай­ғам­ба­ры­мыз бы­лай дейді:

إِنَّ أَوَّلَ مَا يُحَاسَبُ بِهِ الْعَبْدُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنْ عَمَلِهِ صَلَاتُهُ

«Адам­дар­дың қия­мет кү­нін­де ал­ғаш есеп­ке тар­ты­ла­тын ама­лы мен іс-әре­ке­ті - на­маз»[1].

 

Ұлы Раб­бы­мыз ха­бар­дар бо­ла тұ­ра пе­ріш­те­ле­рі­не бы­лай дейді:

«Құ­лым­ның па­рыз на­ма­зы­на қа­раң­дар. Оны то­лық орын­да­п па, ке­міс­ті­гі бар ма»? Егер оның па­рыз на­маз­да­ры то­лық бол­са, на­маз сауабы то­лық­тай жа­зы­ла­ды. Егер па­рыз на­маз­да­рын­да нұқ­сан­дық бол­са, Алла Та­ға­ла бы­лай дейді: «Құ­лым нә­піл (сүн­нет) на­маз­да­рын то­лық оқы­ған ба екен?» Егер ол сүн­нет на­маз­да­рын то­лық оқы­ған бол­са, Алла Та­ға­ла «Құ­лым­ның нұқ­сан па­рыз на­маз­да­рын нә­піл­дер­мен тол­ты­рың­дар», - дейді. Одан кейін па­рыз бол­ған бас­қа амал­дар да осы­лайша есеп­ке тар­ты­ла­ды»[2].

 

Намаздың ұлы қасиеттері:
 

Бірінші: Жаманшылықтан тияды. Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде:

 

وَأَقِمِ الصَّلَاةَ ۖ إِنَّ الصَّلَاةَ تَنْهَىٰ عَنِ الْفَحْشَاءِ وَالْمُنكَرِ ۗ وَلَذِكْرُ اللَّهِ أَكْبَرُ ۗ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مَا تَصْنَعُونَ

«(Ей, Мұ­хам­мед!) Са­ған уахи етіл­ген кі­тап­ты оқып, на­маз­ды орын­да. Кү­дік­сіз на­маз ар­сыз­дық пен жа­ман­дық­тан тыяды»[3], делінген.

Екінші: Алла құзырында ең сүйікті амал. Ибн Аббастан жеткен хадисте:

سَأَلْتُ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَيُّ العَمَلِ أَحَبُّ إِلَى اللَّهِ؟ قَالَ: «الصَّلاَةُ عَلَى وَقْتِهَا

Пайғамбарымыздан : «Алла құзырында ең сүйікті амал қайсы?» деп, сұрадым. Ол : «Уақытында оқылған намаз»[4], деді.

 

Үшінші: Күнәләрді өшіреді.

Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз са­ха­ба­лар­ға:

أَرَأَيْتُمْ لَوْ أَنَّ نَهْرًا بِبَابِ أَحَدِكُمْ يَغْتَسِلُ مِنْهُ كُلَّ يَوْمٍ خَمْسَ مَرَّاتٍ هَلْ يَبْقَى مِنْ دَرَنِهِ شَيْءٌ؟ قَالُوا: لَا يَبْقَى مِنْ دَرَنِهِ شَيْءٌ. قَالَ: فَذَلِكَ مَثَلُ الصَّلَوَاتِ الْخَمْسِ يَمْحُو اللَّهُ بِهِنَّ الْخَطَايَا

«Сен­дер­дің ара­ла­рың­нан бір адам­ның есі­гі­нің ал­дын­да өзен ағып, ол сол өзен­ге кү­ні­не бес рет шо­мыл­са, ол адам­да кір қа­ла­ ма?» - деп сұ­ра­ған­да, са­ха­ба­лар: «Жоқ қал­майды», - деп жауап қайыра­ды. Сон­да Алла Ел­ші­сі : «Су­дың кір­ді та­за­лайты­нын­дай бес уа­қыт на­маз да кү­нә­лар­ды та­за­лайды»[5], деп мұсылмандарды сүйіншілеген.

Бас­қа бір ха­дис­те бы­лай дейді:

الصَّلَوَاتُ الْخَمْسُ وَالْجُمْعَةُ إِلَى الْجُمْعَةِ وَرَمَضَانُ إِلَى رَمَضَانَ مُكَفِّرَاتٌ مَا بَيْنَهُنَّ إِذَا اجْتَنَبَ الْكَبَائِرَ

«Бес уа­қыт на­ма­з, жұ­мадан жұмаға дейін, рамазаннан рамазанға дейін үл­кен кү­нә жа­са­ма­ған адам­ның  кіші кү­нә­ла­ры­ кешіріледі»[6].

Төртінші: Намаз оқушы адамның екі дүниеде жүзі нұрлы болады. Пайғамбарымыз : хадисте:

                مَنْ حَافَظَ عَلَيْها كَانَتْ لَهُ نُوراً وَبُرْهاناً وَنَجَاةً يَوْمَ الْقِيامَةِ وَمَنْ لَمْ يُحَافِظْ عَلَيْها لَمْ تَكُنْ لَهُ نُوراً وَلَا بُرْهَاناً وَلَا نَجَاةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَكَانَ يَوْمَ الْقِيامَةِ مَعَ فِرْعَونِ وَقارون وَهامان وَأَبي بِن خَلَفٍ

"Кімде-кім бес уақыт намазға мұқият болса, қиямет күні ол құтылады әрі намазы оған дәлел болады және Алла оған бір нұр нәсіп етеді. Ал егер кімде-кім намазға салғырт қараса, оның нұрын алып қояды әрі дәлелі болмайды және қияметте құтылу жоқ. Ол қиямет күні Перғауын, Қарун, Һаамаан, Абу ибн Халафпен бірге болады" делінген.[7]

Бесінші: Алла алдында адамның дәрежесі өседі. Пайғамбарымыз :

"عَلَيْكَ بِكَثْرَةِ السُّجُودِ، فَإِنَّكَ لَا تَسْجُدُ لِلَّهِ سَجْدَةً إِلَّا رَفَعَكَ اللَّهُ بِها دَرَجَةً، وَحَطَّ عَنْكَ بِها خَطِيَئَة"

Сәждені көбірек жаса, әр сәжде жасаған сайын Алла сенің дәрежеңді жоғарлатады және сенің күнәңді өшіреді,[8] деген.

Алтыншы: Пайғамбармен жәннатта бірге болады. Пайғамбарымыздың Рабиға ибн Асламиден жеткен хадисінде:

كُنْتُ أَبِيتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ - صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ -، فَأَتَيْتُهُ بِوضُوئِهِ وَحَاجَتِهِ، فَقَال لِي: "سَلْ" فَقُلْتُ: أَسْأَلُكَ مُرَافَقَتَكَ فِي الْجَنَّةِ، قَالَ: "فَأَعِنِي عَلَى نَفْسِكَ بِكَثْرَةِ السُّجُودِ"

Пайғамбарымызбен түнеген едім, оның қажетіне жарап, дәрет суын әкеп бердім. Сосын ол маған: «не сұрайсын?» деді. Мен: «Сенімен жәннатта бірге болғым келеді» дедім. Пайғамбарымыз : «Көп сәжде қылумен (намаз оқумен) өзіңе жәрдем қыл»[9] деп өсиетін айтқан болатын.

Жетінші: Намазға барған әр қадамына сауап жазылады. Пайғамбарымыз мүбарак хадисінде:

"مَنْ تَطَهَّرَ فِي بَيْتِهِ، ثُمَّ مَشَى إِلَى بَيْتٍ مِنْ بُيُوتِ اللَّهِ؛ لِيَقْضِي فَرِيضةً مِنْ فَرَائِضِ اللَّهِ، كَانَتْ خَطْوَتَاهُ إِحْدَاهُما تَحُطُّ خَطِيَئَةَ، وَاْلأُخْرَى تَرْفَعُ دَرَجَةً"

«Кімде-кім үйінен тазаланып Алланың үйіне Раббысының парыздарын өтеу үшін жаяу шығатын болса, бір басқан қадамы күнәсін кешірсе, екінші басқан қадамы дәрежесін өсіреді»[10], деген.

Сегізінші: Мешітке барған сайын Алла тағала ол үшін жәннаттан жаңа жай дайындайды. Атақты хадис шәрифте:

"مَنْ غَدَا إِلَى الْمَسْجِدِ أَوْ رَاحَ، أَعَدّ اللَّهُ لَهُ فِي الْجَنَّةِ نُزُلاً كُلَّما غَدا أَوْ رَاحَ"

Мешітке әр барған сайын (намаз оқу үшін) Алла тағала жәннатта құлы үшін жаңа жай (қонақ үй) дайындайды[11], делінген.

Жамағат намазының сауабы жалғыз оқыған намаздың сауабынан жиырма жеті есе көп. Пайғамбарымыз осы турасында:

صلاةُ الجَمَاعَةِ أَفْضَلُمن صَلاَةِ الفَذِّ بِسَبْعٍ وعِشرين دَرَجَة 

«Жамағатпен оқылған намаз, жалғыз оқылған намаздан жиырма жеті саты жоғары»[12], деп, жамағат намазының артықшылығын айтып кеткен.

Тоғызыншы: Мешітке ерте барудың сауабы.

Пайғамбарымыз өзінің үмбетін мешітке ертерек шығуға шақырған. Мысалға Абу Һурайрадан (Алла одан разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз «Егер адамдар азан айту мен бірінші сапта намаз оқудың сауабын білсе сол сауапқа жету үшін таласты тек жеребе тастаумен ғана шешуге болатын болса, жеребе тастар еді. Егер мешітке ерте барудың сауабын білсе онда оған жету үшін жарысар еді. Әрі егер құптан мен таң намазында қандай сауаптың бар екенін білген болса, онда оған еңбектеп болса да келер еді»[13], деген.

 

Намазда ой бұзылмас үшін не істеу қажет?

 

- Дұға  жасау. Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) Алла Тағалаға мынадай дұға жасады: 

رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِن ذُرِّيَّتِي ۚ رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ

«Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушылардан ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ет!».[14]

- Дәретті тиянақты алу. Себебі, көптеген жаман ойлар дәреттің нашарлығынан болады. Бірде Пайғамбар :

أَلا أَدُلُّكُمْ عَلَى مَا يَمْحُو اللَّهُ بِهِ الْخَطَايَا وَيَرْفَعُ بِهِ الدَّرَجَاتِ ؟ قَالُوا : بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ , قَالَ : إِسْبَاغُ الْوُضُوءِ عَلَى الْمَكَارِهِ 

 «Сендерге Алланың күнәларыңды кетіріп, Жәннаттағы дәрежелеріңді көтеруіне себеп болатын амалды айтайын ба?» деді. Басқалар: «Иә, Алла Елшісі!» дегенде: «Дәретті мұқият алыңдар…»[15] деген екен.

- Жақсы киіну, әтір жағыну. Бойұснуға жол ашатын әдістердің бірі – хош иісті әтір себіну, таза, ұқыпты киіну. Бұл турасында Алла Тағала Құранда:

يَا بَنِي آدَمَ خُذُوا زِينَتَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدٍ

«Ей, Адам ұрпақтары! Әрбір сәжде жасайтын орында көрікті (киімдеріңді) киініңдер»[16] деп бұйырады»

Атақты  хадисте:

إِنَّ اللهَ جَمِيلٌ يُحِبُّ الْجَمَالَ

 «Алла – Сұлу, сұлулықты жақсы көреді»[17] делінген.

- Намазда кедергі болатын барлық нәрседен арылу.Намазға тұрарда ыңғайсыздық тудыратын барлық нәрсені мешіттің сыртына тастап кетіңіз. Себебі, сіз намазда «Аллаһу  акбар» тәкпір айтумен әлемдердің Раббысымен тілдесуді бастайсыз. Өзіңізді Раббыңыздың алдында тұрғаныңызды сезіне білуіңіз қажет.

- Истиғфар дұға мен зікір.Намазға барар алдында жан мен жүректі тазарту қажет. Пайғамбарымыздың хадисінде таң намазына барар жолында мынандай дұға жасағаны жайында дерек бар:

اللَّهُمَّ اجْعَلْ فِي قَلْبِي نُورًا ، وَفِي سَمْعِي نُورًا ، وَفِي بَصَرِي نُورًا ، وَعَنْ يَمِينِي نُورًا ، وَعَنْ شِمَالِي نُورًا ، وَأَمَامِي نُورًا ، وَخَلْفِي نُورًا ، وَفَوْقِي نُورًا ، وَتَحْتِي نُورًا ، وَاجْعَلْ لِي نُورًا 

 «Ей, Алла, жүрегімді нұрландыр, тілімді нұрландыр, құлағымды нұрландыр, жанарымды нұрландыр және маған үстімнен нұр бер, астымды нұрландыр, маған оң жағымнан нұр бер, маған сол жағымнан нұр бер, алдымды нұрландыр, артымды нұрландыр, ішкі дүниеме нұрды жайластыр және мен үшін нұрды ұлы ет, мен үшін  нұрды үлкен ет, маған нұр ендір, мені нұр ет!…». [18]

- Сүрелерді ауыстырып оқу. Яғни, бес уақыт намазда үнемі бір сүрелерді қайталай беру - итағаттылықтың пайда болуына кедергі болады. Ал әр түрлі сүрелерді түсініп оқыған адам намаздың ләззатын сезінеді.

- Аяттарға, зікірлерге ой жүгірту.  Құран – жатқа оқу үшін емес, ой жүгірту, амал жасау үшін түсірілген кітап. Алла Тағала:

كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ إِلَيْكَ مُبَارَكٌ لِّيَدَّبَّرُوا آيَاتِهِ وَلِيَتَذَكَّرَ أُولُو الْأَلْبَابِ

 Біз саған осынау мүбарак кітапты (Күллі саналы жаратылыс) оның аяттарына терең ой жүгіртсін және ақыл иелері одан үлгі өнеге һәм ғибрат алсын деп түсірдік,[19] делінген.

 

Намазға немқұрайлы қараудың күнәсі:

 

Намаз мұсылман мен мұсылман еместі ажырататын айқын белгі. Пайғамбарымыз : «Біз (мұсылмандар) бен дінсіздердің арасындағы айырмашылық – бұл намаз. Кім намазды қалдырса – дінсіз болғаны» — дейді. Құлшылығын қалдырған адамның жүзі — нұрдан, жүрегі — шынайылықтан ажырайды. Адал еңбек, маңдай терімен тапқан табысы қайырлы болудан қалады. Адам намаздың міндеттілігін біле тұра орындамаған сәттен бастап шайтанның досына айналады.

Алла Тағала  Құран кәрімде:

فَخَلَفَ مِن بَعْدِهِمْ خَلْفٌ أَضَاعُوا الصَّلَاةَ وَاتَّبَعُوا الشَّهَوَاتِ ۖ فَسَوْفَ يَلْقَوْنَ غَيًّا ﴿٥٩﴾ إِلَّا مَن تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَأُولَـٰئِكَ يَدْخُلُونَ الْجَنَّةَ وَلَا يُظْلَمُونَ شَيْئًا 

(59) Бұл пайғамбарлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында (қияметте) адасуларының сазайын тартады.(60) Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жәннатқа кіреді.[20]
          

Бұл аятқа қатысты Ибн Аббас Алла одан разы болсын: «Құрандағы «намазды қойып» дегендегі аяттың мағынасы түгелдей тастап қою емес, намазды уақытынан себепсіз кешіктіру" делінген. Табиғиндердің имамы Сағид ибн әл-Мусайаб бұл аят турасында: «Бесін намазын екінті намазын кірер кезде оқу, екінті намазын ақшам намазына дейін кешіктіру, ақшам намазын құптан намазына дейін кешіктіру, құптанды таң намазы кіргенге дейін кешіктіру, таң намазын күн шығар  алдында оқу», деген.

Алла Тағала басқа бір аятта намазға немқұрайлы болған адамдар жайында:

فَوَيْلٌ لِّلْمُصَلِّينَ ﴿٤﴾ الَّذِينَ هُمْ عَن صَلَاتِهِمْ سَاهُونَ

Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш!(5) Олар намаздарын немқұрайлы оқиды,[21] деп намазға немқұрайлық танытқандаға қатаң ескерту жасаған.

Сағд ибн Әби Уақас былай дейді: «Пайғамбарымыздан намаздарына немқұрайлы болғандар жайында сұрадым: «Ол уақытын кешіктіру» деп жауап берді. Бұл адамдар намаз оқыса да намаздарын кешіктірген сол үшін оларға Алланың үлкен азабы бар. Құранда «уәил» деген сөз келген бұл тозақтағы бір алаң оның ыстықтығы сондай дүниедегі таулар еріп кетер еді. Бұндай күйде намаз оқыған адам тәубеге келу қажет. Басқа бір аятта Алла:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُلْهِكُمْ أَمْوَالُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ عَن ذِكْرِ اللَّهِ ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ فَأُولَـٰئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ﴿٩﴾

Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар,[22]  деп, дүние табу, бала-шаға тәрбиелеуді себеп қылып намаздарын кешіктіретін адамдарға қатаң ескерту жасайды.

         Тәпсір ғалымдары аяттағы «Алланы еске алудан» деген сөздерді бес намазға қатысты айтылады делінген. Көпшілік қазіргі уақытта дүние, сауда, өмірлік күйбеңмен бала өсіру қызығына батып, намаздарын тәрк қылуда. Пайғамбарымыз : Адамның қиямет күні ең бірінші есепке алынатын амалы намаз, егер намазы дұрыс болса, жетістікке жеткені, ал намазында нұқсан болса, құрдымға кеткені» делінген. Алла Тағала Құран кәрімде тозақ иелерін сипаттап былай дейді:

مَا سَلَكَكُمْ فِي سَقَرَ ﴿٤٢﴾ قَالُوا لَمْ نَكُ مِنَ الْمُصَلِّينَ ﴿٤٣﴾ وَلَمْ نَكُ نُطْعِمُ الْمِسْكِينَ ﴿٤٤﴾ وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ الْخَائِضِينَ

"Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе?"(43) Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік."(44) "Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік."[23]

Атақты хадистерде келгендей: "Кімде-кім бес уақыт намазға бекем болса, Алла тағала оған бес кереметті нәсіп етеді, өмір таршылығынан, қабір азабынан босатылады, амал дәптері оңынан беріледі, сират көпірінен найзағайдай жылдамдықта өтеді және жәннатқа есепсіз кіреді. Ал егер кім немқұрайлықпен қарайтын болса, Алла оны он бес азаппен жазалайды. Бесеуі дүниеде, үшеуі өлім шағында, үшеуі қабірде, үшеуі қабірден шыққан кезде. Дүниедегі азабына келетін болсақ, өмірінің берекесін алып қояды, жүзінен салихалылардың белгісін жояды, амалдары Алланың сауабына кенелмейді, дұғасы көтерілмейді, салихалыларға қатысты дұғада үлесі болмайды. Өлім сәтіндегі азапқа келетін болсақ, бейшара қалыпта өледі, аш күйде, сусаған күйде, дүниенің теңіздерін ішсе де сусыны қанбайды. Қабірдегі азапқа келетін болсақ, қабірі оған таршылық қылады,тіпті қабырғалары бір-біріне айқасып кетеді екен, қабірі оттай болады, күндіз-түні шоқта аунағандай болады және қабірінде «шужағ» деген жыланмен азапталады. Қабірден шыққаннан кейінгі азабы, қияметте қатты азап, Алланың ашуы, тозаққа кіру міндет болады"[24] делінген.

Намаз, мінәжат – діннің ең басты белгісі, ең басты рәмізі. Ислам дінінде ол пенде мен Рабының арасындағы тұрақты байланыс. Сол арқылы пенде Раббысына үйреніседі, күнә-кемшіліктерінен тазарады, туралықпен өмір сүру салты да нығая түседі және сол намаз арқылы әуейіліктің азғыруы мен нәпсінің қыспағынан сақтанады. Намаз пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер үшін, барлық ізгі пенделер үшін ең басты байлық, дүниедегі ең сүйікті іс еді.

 


 

 

[1] Ахмад хадистер жинағы.

[2] Тирмизи хадистер жинағы

[3] Анкабут сүресі, 45-аят.

[4] Муслим хадистер жинағы

[5] Бұхари хадистер жинағы.

[6] Тирмизи хадистер жинағы

[7] http://library.islamweb.net/hadith/display_hbook.php?bk_no=349&pid=183273&hid=1220

[8] Муслим хадистер жинағы

[9] Муслим хадистер жинағы.

[10] Муслим хадистер жинағы

[11] Бұхари хадистер жинағы.

[12] Бұхари, Муслим хадистер жинағы.

[13] Бұхари хадистер жинағы

[14] Ибраһим сүресі, 40-аят.

[15] Мүслім хадистер жинағы.

[16] Ағраф сүресі, 31-аят.

[17] Мүслім хадистер жинағы

[18] Мұсылман қорғаны кітабынан

[19] Сад сүресі, 29-аят.

[20] Мариям сүресі, 59-60 аяттар.

[21] Мағун сүресі, 5-6 аяттар.

[22] Мунафиқун 9-аят.

[23] Муддассир сүресі, 44-аят.

[24] Имам Заһабидің кітабында келген.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру