Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Міркемел» мешіті (Суреттер)

«Міркемел» мешіті

Сырдария ауданы С.Сейфуллин аулында орналасқан. Құрылыс 2007 жылдың көктемінде басталып, 2007 жылдың күзінде пайдалануға берілген. Құрылысын «Қамқор» тұтыну кооперативі жүргізген. Қаражатын ауыл тұрғындары көтерді. Сонымен қатар «С.Сейфуллин жер» ЖШС-гі, аудан әкімдігі, «Бастау» мұнай компаниясы  және т.б. азаматтар көмек көрсетті.

 Жер аумағы 0,15 га. Бір қабатты, шатыры шифермен жабылған, биіктігі 3 м, 2 терезелі, 5 бөлмелі. Қабырғалары қышпен қаланып, сырты сыланып, әктелген, ғимараттың ұзындығы 12 м, ені 12 м. Күмбезі мен мұнарасы жоқ. Есіктен кіреберісінде 6 шаршы метрлік дәліз, одан әрі сол жағында 9 шаршы метрлік жылыту пеші, 12 шаршы метрлік имамның қабылдау бөлмесі, ал оң жағында 12 шаршы метрлік балалардың дәрісханасы орналасқан. Үлкен залдың іштен есептегендегі ұзындығы 11 м, ені 5 м., 2 терезе орнатылған. Іші заман талабына сай әрленген. Үш баспалдақты мінбер қойылған.

Осы облыстағы мешіттер