Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Құлмахан ата» мешіті (Суреттер)

«Құлмахан ата» мешіті

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Балатопар ауылында орналасқан. Аудандағы үлкен мешіттердің бірі. Оның жобасын Бисат Қарабаев жасаған. Құрылысын ЖШС «Мекен» фирмасы жүргізген. Алла үйін сол кездері Алматы облысының әкімі болған Шалбай Құлмаханов салдырған.

2004 жылы пайдалануға берілді.Жалпы аумағы 8000, пайдалы алаңы 2375 шаршы метр. 150 адамға арналған. Ғибадатхана үлкен бөлмеден (зал), әйелдер бөлмесі және имам бөлмесінен тұрады. Үлкен және әйелдер бөлмесінің арасын арқалы терезе бөліп тұр. Киім ілетін орын да бар. Барлық бөлмелерге «Алматыкілем» фабрикасында тоқылған эстетикалық талғамға сай бірыңғай жасыл түсті кілемдер төселген. Әр бөлменің өрнек нақышы, бояу-әрі бірін-бірі қайталамай, толыққанды әсем көрініс беріп тұрғандай. Үлкен бөлмесі еден астындағы жүйе арқылы жылытылады. Қалған бөлмелері батареямен жылиды.

Мұнарасының биіктігі 8 метр, күмбезінің биіктігі 14 метр. Мұнаралары аспан түстес көкшіл түсті, алыстан көз тартады. Қабырғалары қызыл кірпіштен қаланып, ақ мәрмәр плиталармен қапталған. Кіреберіс есіктің жоғарғы жағы дулыға іспетті. Үлкен бөлмеде михраб орналасқан, жоғарғы жағында «Аятул курси» жазылған және михрабтың оң жағында мінбер бар.

Бөлмелеріне 50, сырт жағына 28, барлығы 78 шам орнатылған. Бас мұнараның ішкі жағы гүл шеңбері түрінде өрнектеліп, мұнараның ұшар кіндігінде «Ықылас» сүресі көз жауын алатындай өрнекпен жазылған.

Алла үйінің сырты әсемделіп жасалған темір шарбақпен қоршалған. Ауласы түгелі көгалдандырылып, жүз түп шырша отырғызылған.

Айналасына түнде көгілдір түсті жарық беретін 24 жарық көздері орналасқан. Жүретін жолдарға жақпар тастар төселген.

«Кұлмахан ата» мешіті ауылдағы барлық мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Осы облыстағы мешіттер