Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент медресе колледжі

Шымкент медресе колледжі

Шымкент медресе колледжінің инфрақұрылымы

Оқу орнының толық атауы мен мекен-жайы: «Шымкент медресе колледжі» жеке мекемесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Рекордный өткелі, 4-те орналасқан.

Тіркеу органы: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының Әділет басқармасы. Тіркелу куәлігі № 1371-1958-21-М-е, 2015 жылы 11 қараша, БСН 071240002315

Мемлекеттік лицензияны берген орган: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі. Лицензияның берілген күні: 23.08.2016 ж, № KZ19LAA00007522

Материалдық-техникалық базасы

Оқу корпусы 2 қабаттан тұрады, құрылыс ауданы 3786 кв.м2., жалпы алаңы 7576,1 кв.м2 Бірінші қабатта – оқу аудиториялары, кітапхана, екінші қабатта – компьютер сыныбы, оқу аудиториялары мұғалімдер бөлмесі орналасқан. Оқу корпусы оқу үдерісіне қажетті жихаздармен, ұйымдастыру техникасы, компьютер сыныбымен толығымен жабдықталған.

Асханасы бөлек 200 адамға арналған. Колледж  асханасында (тегін) күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Жатақханасы бөлек 2 қабаттан тұрады. Жатақхана сиымдылығы 200 адам. Жатақханада студенттер үшін дәретхана, душ,   Сонымен қатар бос уақытта көру үшін теледидар бөлмесі, мед пункт, тренажер бөлмесі бар.

 

Оқытушылардың құрамы

Колледжде 30 оқытушы сабақ береді. 1 оқытушы PHD докторы, 2 оқытушы кондидат, 10 оқытушының магистрлік (дінтану магистрі) дәрежесі бар. Оқытушылардың барлығы жоғары білімді. Оқытушылардың білімі, мамандану деңгейі жүйелі білім беру талаптарына сай, мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді.

- Оқу ғимаратының жанында арнайы студенттерге  арналып салынған төбесі ашық футбол алаңы бар. Оқушылар бос уақыттарында  жақын жерде орналасқан «АӘИУ» университеттің спорткомлексінде  өткізілетін секцияларларға қатысады.

- медициналық пункт – 30,2 м2;

- асхана 200 орындық ас ішетін залы бар, жалпы ауданы  525,7 кв.м2;

- арнайы пәндер кабинеті 36,6 кв.м2

- кітапхана жалпы ауданы 138 кв.м2,  кітап қорының  саны 5200 дана;

- гуманитарлық пәндер кабинеті 36,6 м2

- компьютер сыныбы– 36,6 м2,колледж медреседе барлығы 70 компьютер,  оның 60 бірлігі компьютер сыныбында  және олардың барлығы интернет желісіне қосылған.

- Оқу ғимаратының жанында орналасқан 2 қабатты жатақхана орналасқан , жатақханада 31 бөлме,жатын орнынның саны - 31, жалпы  ауданы- 2363 кв.м2.

- спорттық тренажер бөлмесі -120 кв.м2

Колледждің  жанында орналасқан «Оразкүл Ана» мешітінде студенттер оқу-өндірістік тәжірибені өтеді.

                                                               дәретхана

  • санитарлық торап барлығы -60 кабина;
  • душ- 12 кбина;