Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өсімхан Аманбайұлы Тілеуов

Өсімхан Аманбайұлы    Тілеуов

Туған жылы, жері: 1979 жылы 27 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, Байқоныс елді мекенінде дүниеге келген.   

Білімі:

1999-2003 ж.ж.  Шымкент қаласы, Халықаралық Қазақ-Араб университеті «Араб тілі және Дінтану» факультеті. Сондай-ақ Оңтүстік  Қазақстан  педагогикалық  университетінде педагогика-психология мамандығын 2008 жылы бітірді. Сонымен қатар 2015-2017 жылдар аралығында «Шет тілдер және іскерлік карьера» университетінің Магистратура бөлімі «Дінтану» мамандығын бітірді. 2018 жыл Медиация орталығы «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Кәсіби медиатор» мамандығын тәмәмдады.

 

Еңбек жолы:

2008-2009 ж.ж.  БҚО, Орал қаласында орналасқан ҚМДБ-ға қарасты «Орал» медресесінде директор орынбасары және педагог-психолог.

2009-2010 ж.ж. Шымкент қаласындағы «Шымкент медресесінде» педагог-психолог.

2010 жылдары Шұбарсу елді мекенінде орналасқан «Шұбарсу» жалпы орта мектебінің педагог-психолог және дінтану пәнінің мұғалімі.

2013 ж. ОҚО, Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде орналасқан «Ар-Рахман» мешітінің ұстазы.

2014 жылдан бастап Атырау қалалық «Әт-тақуа» мешітінің имамы болып қызмет атқарады.

Сондай-ақ 2014 наурыз айынан бастап, 2016 жылдың наурыз айына дейін «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығында психолог қызметін қоса атқарған. 2016- жылдың наурыз айынан бастап «Каспий маманының қазіргі заманғы колледжін»-де психолог және дінтану пәнінің мұғалімі қызметін 2018 жылға дейін атқарған. Сонымен қатар 2015-2018 ж. «Атырау көлік және коммуникация» колледжінде дінтану пәнінің оқытушысы болып қызмет атқарды.

Отбасылы, 5 қыз бен 2 ұлдың әкесі.