Мұсабек Ақтамберді
1972 жылы 25 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Рысқұл ауылында дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
1993-1994 жылдары Шымкент қаласы «Қошқар ата» (қазіргі Дәуітұлы Шыңғысбай қажы) мешітінде діни сауатын ашты.
1994-1996 жылдары Алматы қаласындағы орталық мешіттің жанындағы ҚМДБ-ның Ислам институтын бітірген.
1998-2004 жылдары Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің филология факультетінің араб тілі бөлімінде оқып, араб тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықты.
2005-2007 жылдары Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «философия және саясаттану» факультетінің дінтану бөлімінде «Қазақ халқы салт-дәстүрінің ислам дінімен байланысы» атты тақырыпта академиялық деңгейде магистрлік диссертациясын қорғады.
Еңбек жолы:
1997-1998 жж. Алматы орталық мешітінде көмекші имам ретінде бастаған.
2004-2005 жж. Шымкент қаласындағы «Қошқар ата» мешітінде наиб имам.
2008-2009 жж. Шымкент қаласындағы «Ислам жолы» мешітінде бас имам. Оңтүстік Қазақстан облысы өкіл имамының көмекшісі.
2009-2011 жж. Қызылорда облысының өкіл имамы.
2011-2016 жж. ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің меңгерушісі.
2016-2018 жж. Алматы қаласы, Жетісу ауданы, «Амин» мешітінің Бас имамы.
2018 жылы қазан айынан, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының орынбасары, ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2018 жылдың қараша айынан бастап ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бұйрығымен ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкілі, "Қожа Ахмет Яссауи" мешітінің Бас имамы қызметіне тағайындалды.
Отбасылы, 3 қыз, 1 ұлы бар.