Таң
Күн
Бесін
Екінті
Ақшам
Құптан
Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы
1975 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
Білімі мен біліктілігі:
Орта мектепті бітіргеннен кейін 1993-1997 жылдар аралығында Египет араб республикасы, Каир қаласы «Аль-Азхар» университетінде оқыды.
1998-2002 жылдар аралығында Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік университетін тамамдаған.
2011-2013 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Шет тілдері және іскерлік карьера» университетінің дінтану мамандығы бойынша магистратурасын тамамдаған.
Еңбек жолы:
2004-2016 жылдар аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданының бас имамы қызметін атқарды.
2016 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің №764 19 мамырда шыққан бұйрығымен Алматы облысы, Алматы өңірі бойынша орталық "Қарасай батыр" мешітіне бас имам болып тағайындалды.
Жанұялы, үш баласы бар.