Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҰЙРЫҚ ПЕН ТЫЙЫМНЫҢ ХИКМЕТІ

ҚМДБ баспасөз қызметі muftyat.kz 10.02.2021 3933 0 пікір
БҰЙРЫҚ ПЕН ТЫЙЫМНЫҢ ХИКМЕТІ

Алла Тағаланың мүкәлләфтарға, яғни мойнына жауапкершілік жүктелгендерге бұйрық, тыйым жіберіп, оларды құлшындырып, сақтандыруына қатысты мәселелерге алдында Хусайн (б. Мұхаммед ән-Нәжжар) жеткілікті деңгейде тоқталып өткен-ді.

Алла Тағала тәрбиеленетін, пайда мен зиянды білетін және түсіне алатын дәлелдерге сүйене отырып, метафизикалық әлемге қатысты мәселелерге ой жүгірте алатын мүкәлләфтар, яғни діни тұрғыдан жауапкер болып табылатындар тобын жаратқан. Соған қарамастан мүкәллафтың мәліметке/дерекке қызғушылық танытпауы, надан күйде қалуы, сол себепті де өтірік пен жағымсыз сипаттағы кез келген істі қалыпты деп санауы мүмкін. Сонымен қатар мүкәллафты жаратушы осы жаратылудың түрлі кезеңдерінде оған көптеген нығметтер берген. Ақыл нығметке шүкіршілік етіп, алғыс айтуды қажет етеді. Жаратушы аталмыш шүкіршілікті жүзеге асыруды әмір және тыйымдар арқылы талап етеді. Алла құлшындыру мен сақтандыруында (уағыд уә уәғйд) өзін ұлықтауға үндеуі және немқұрайлы қараудан аулақ қылу хикметін көздеген болуы мүмкін. Алла Тағала  мүкәллафты парасаттылықтың барлық түрімен ұлық қылғандықтан, оның сыйы (жәннәт өмірі), шексіз болған күпірлік те қарсылықтың шыңы болғандықтан жазасы да тура соған сай болады. Сонымен бірге иман – шегі мен шектеуі жоқ бір мойындау, ал күпірлік – соңы мен шегі жоқ жалғандау. Сондықтан жазалары да соған сай болады. Сол себепті күпірліктен басқа күнәлардың кешірілуі мүмкін. Өйткені бұл шексіз түрде жоққа шығару емес. Барлық күш-құдірет Аллаға ғана тән!

Әбу Мансұр (Алла оған разы болсын) былай деді: біздің ойымызша бұйрықтар мен тыйымдардың хикметі – солардың иесін тану. Өйткені Алла тіршілік иелерінің арасынан адамзат түрін өзін тануымен ерекшелеген. Қалайша пайдалы нәрседен аулақ ұстауының мүмкін болмаса, сол сияқты оларды өзін тану жолынан алшақ ұстауы мүмкін емес еді. Сонымен қатар адам баласы ақылымен барлық ізгі нәрселерді жақсы деп, ал жаманшылықтың барлығын жаман деп көруге қабілетті. Іс жүзінде жаман нәрсені істеу ұнамсыз, ал заңды нәрселерді жасау құп көріледі. Олай болса, бұйрық немесе тыйымды қажет ететін жерде әмір беріп, тыйым салу ләзім болған. Алла өзінің бір екендігін және хикметін көрсететін бір әлем жаратқан. Оның мүкәлләфтарды бұны білуден мақұрым етуі мүмкін емес еді. Мұндай жағдайда әлемді жаратуының мәні де қалмас еді. Сонымен бірге жауапкершілік жойылған кезде жаратудың хикметі де қалмайды. Өйткені бұл жағдайда жаратылыс жоқ болу үшін жаратылған деген қорытынды шығады. Бір нәрсені арнайы мақсатпен емес тек бұзу үшін жасаушы бос іспен айналысқан әрі хикметтен мүлдем мақұрым қалған біреу дегенді білдіреді.

Алланың «уағыд» және «уағиды» құлшындыру мен қатаң ескертуге негізделген. Өйткені бұл ұстаным болмағанда әмірді орындаудан туатын пайда мен оған қарсы келуден туындайтын зиян жойылып, жаратылғандарға тән іс-әрекеттердің мәні қалмас еді. Егер мойынсұнушы бұйрықтарға бағынудың пайдасын, ал қарсы шығушы күпірлігінің зардабын көрмейтін болса, бұйрық пен тый- ымның ешқандай мәні қалмайды. Өйткені бұның екеуі де олардың істерінің қарымына бағытталған болып шығады. Сол себепті уағыд пен уағид хикмет тұрғысынан қажетті саналады. Бұйрық пен тыйым тәсілінде нәпсіні мойынсұнуға мәжбүрлеу, адамның табиғаты ұната бермейтін парасаттылыққа жетелеу факторы бар. Адам жаны табиғаты ұнатпайтын нәрселерден қашады. Сондықтан да сынақ әлемінде ғұмыр кешетін адам баласы нәпсісін жеңуге, оны өзі қалаған және әмір етілген бағытқа бұруда уағыд және уағид қағидасын ұдайы қаперде ұстаудан басқа жол таба алмайды. Нәтижеде уағыд және уағид қағидасын берік ұстанған жауапкер үшін парасаттылық жолында нәпсінің қалаған нәрселерінен аулақ болу және үлкен қиыншылықтарға қарсы тұру ешқандай қиыншылық тудырмайды.

Адам баласы нәтижесінде пайдасы жоқ немесе зиянынан сақтанбайтын бір әрекетті істеуді мәнсіз санайтын болмыста жаратылған. Олай болса оның іс-әрекеттері үнемі осы пайда-зиян ұстанымына сай көрініс табады. Өз кезегінде бұл уағыд және уағид қағидағасы негізінде қалыптасады. Егер бұлай болмағанда Алланың досы мен дұшпаны бірдей жағдайда болып қалар еді. Осындай екі түрлі санаттағы адам таңдаулары тұрғысынан өзгеше болғандықтан олардың ақыреттік жағдайы да өзара тең болмауы қажет. Жетістікке жеткізуші бір Алла!

Алла Тағаланың жасаған ізгі амалдар үшін ақыретте беретін сыйының барлығын рақымы деп түсінуге болады. Өйткені Ол дүниеде адамның шамасы жеткенінше шүкіршілік етуге лайықты сансыз нығметтер берген. Сондықтан ақыретте берілетін сый Алланың рақымына байланысты. Алла Тағаланың мына бір сөзінен байқағанымыздай сыйдың еселеп арттырылуы да осындай: «Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады. Ал кімде-кім бір жамандықпен келсе, ол тек сол күнәсінің ғана жазасын тартады» («Әнғам» сүресі, 160).

Бұл жерде Алла Тағала жаманшылық пен күнә істеріне жазаны хикметіне орай соған лайық көлемде, ал жақсылықтың сыйын рақымшылығымен сан еселеп беретінін айтқан. Өйткені сыйға бөлеуді рақымына негіздеген. Барлық күш-құдірет бір Аллаға тән!

Осы жерге дейін шамамыз жеткенше бұйрық пен тыйымның қажеттілігін баяндауға тырыстық. Мына бір мәселені де қоса кетейік. Пайғамбарлардың Алладан әкелген бұйрықтары мен тыйымдарының мазмұнында түсінуге ақылымыз жетпейтін қаншама терең хикметтің бар екенін мойындауды қажет ететін жәйттар бар. Сонымен қатар қалайша әртүрлі пайдаға себеп болатын мүшелердің пассив күйде қалуы дұрыс болса, сол сияқты ақыл да дұрыс қолданылмаған жағдайда қарсылық тудыруға бейім сипатқа ие. Негізінде алдында басқа мүшелер хақында айтылған мәселелер де белсенділік танытудың шарты және белгісі болып табылады. Барлық күш-құдірет бір Аллаға тән!

 

Әбу Мансұр әл-Матуридидің «Таухид кітабынан»

(Нұр-Сұлтан, «Muftiyat» баспасы, 2020 жыл)

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру