Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жеті рухани қазық»: Отаншылдық

muftyat.kz 30.03.2020 4419 0 пікір
«Жеті рухани қазық»: Отаншылдық

«Отанды сүю – иманнан» деген аталы сөз бар. Отаншылдық – Отанға, туған еліне, оның тіліне, туып өскен жеріне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметтен тұрады.

Отаншылдықтың мәйегі – ұлтты сүю. Өз ұлтын, туып өскен жерін сүйіп, оның көркеюіне қызмет етіп, жоғын жоқтайтын азамат қана отаншыл бола алады. 

Отаншылдық халықтың өз ана тілін, ділін, дінін берік сақтауымен және мақтан тұтуымен тікелей байланысты. Дінімізде отаншылдық шынайы мұсылманға тән қасиет ретінде қарастырылған. Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен мен үшін сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де тұрғындарың сенен шығармағанда сенен басқа жерде тұрақтамас едім», – деп, өзі туып өскен Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған. 

Тұрғылықты жерінде шекарасы айқындалған, мал-мүлік, ар-намыс пен сенім бостандығы қамтамасыз етілген ел – оның Отаны. Мұсылман баласына Отанын сыртқы және ішкі жаулардан қорғау – парыз. Алла жолында, Отан үшін, дін үшін соғыста жүріп дүниеден өткен адамды «шейіт» деп атайды. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Екі түрлі көз ақыретте тозаққа күймейді. Біріншісі – күнәсына өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз. Екіншісі – Отанды қорғап шекара күзеткен көз», – деген. Ислам тек құлшылықтар діні ғана емес, ол Отанды қорғап, елді сүюге, тұрақты әрі бейбіт, ізгі қоғам құруға тәрбиелейді. 

Отаншылдық сана халықты топтастырушы рухани күш болумен қатар, оның күш-жігерін тәуелсіздікті нығайтуға бағыттайды. Отаншыл адам сөзімен ғана емес, ісімен де үлгі-өнеге болуы тиіс. Әйтеке би «Өмірім – халықтікі, өлімім ғана – өзімдікі» деп халыққа қызмет ету жолында отаншылдықтың айнасы бола білді. Отаншыл адам мына қасиеттермен сипатталады:

  • Рухты
  • Намысшыл
  • Жігерлі
  • Қайратты
  • Ұлтты сүю
  • Табанды
  • Қамқор

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру