Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылмандар неге бақытты?

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 12.03.2018 4877 0 пікір

 

Бақыт құсын қақпанына түсіріп, алып қалу үшін адамдар кез келген жағдайға дайын тұрады. Сол жолда жаһанды кезеді, өзін әрі екінші жартысын іздеуден талмайды. Біз қызметімізді, тұратын жерімізді, өмір салтымызды өзгертеміз, бақытты болу мақсатында отбасы құрамыз. Көптеген кітаптар оқып, ғаламторды ақтарамыз, ой-өрісімізді кеңейтіп, небір мәдениеттермен танысамыз, осылайша «бақытты болуды» өміріміздің басты ұстанымы етіп аламыз. Алайда мұның барлығының пайдасы жоқ. Бақыт өмірдің келеңсіздіне кезіге қалса, тайып жоғалып, көкжиекте сағымдай бұлдырап, жоқ болады. Біз бақытты сезінеміз, алайда ол елес секілді сезім. Бір қарағанда бақытты сияқтысың, бірақ бірнеше секундтан соң сағымдай бұлдырап кете барады. Сол кезде ғана адам баласы нағыз бақыт Алланы танып, Оған иман келтіру екенін түсінеді.

Жаратушымызға деген шексіз сүйіспеншілік пен терең иман жақұттай жарқыраған, иісі аңқыған мәңгілік бақытқа жетелейді. Жақсы мекемеде басшы болу, шет елде жоғары білім алу, Мальдив аралындағы демалыс, ауқатты жолдас немесе сұлу әйел, ең жақсы көлік... Жер бетіндегі адамдардың көпшілігі бақытты осы нәрселермен өлшейді, алайда аталғандардың шынайы бақытқа еш қатысы жоқ. Бір қарағанда, ақылға қонымсыз болса да, бұл сұраққа жауап іздеп көрейік.
Мұсылмандар ең бақытты жандар, себебі ажалдың не екенін түсінеді. Иә, расымен де, өзін өз өмірінің қожайыны етіп алған жандардың тәжін ажал келіп шешіп алатыны жасырын емес. Алланың қалауымен жеткен ажал барлық жоспарымызды жоқ етіп, көзімізді ақиқатқа ашады әрі Жаратушыға иман етпеген жанның қорқынышын оятады. Мұсылман адамдар ажалдан қорықпайды деуге болмайды. Алайда, рухымыз тәнімізді тастап кеткен соң не болатынын түсінеміз. Раббымызға деген сүйіспеншілік қаншалықты күшті болатын болса, ажалды түсіну де қиынға соқпайды әрі өміріміздің соңы да жақсы болады деп үміт етеміз. Күллі мұсылман үмметінің асқан бақыты осыда жатыр.
Олар ең бақытты жандар, себебі Жаратушыға шүкіршілік етеді. Кез келген иманды жан өмірдегі орын алып жатқан жайттардың барлығы Алланың қалуымен екенін біледі. Сондықтан да, біз қуанған кезде шын ниетпен Аллаға шүкршілік айта аламыз, біз шүкіршілік еткен сайын қуанышымыз еселене түсетінін білеміз. Ал егер қиындыққа кезіге қалса, мұсылман адам қайғыға салынбай, Раббысынан жұбаныш табады.
Мұсылмандар ең бақытты жандар, себебі олардың өмірлік ұстанымдары бар. Діннен хабары жоқ адамдар секілді сұрағымыздың жауабын әр жерден іздемейміз. Қолымызда қасиетті Құран мен ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шариғаты бар. Бақыттың бастауы – Жаратушымыздың әміріне бойсұну. Біз бенен сіздердің жауапыз қалған ешқандай сұрағымыз жоқ. Хақ Тағала тіс тазалаудан бастап, ажал аузында жатқанда не айтуымыз керектігіне дейін түсіндіріп берген.
Олар ең бақытты жандар, себебі адамзаттың абзалы болған, бізді бауырларым деп сағынышпен есіне алған Мұхаммед пайғамбарды ﷺ жақсы көреді. Күллі әлем өзінің құрметіне жаратылған жан жайлы білу, оған ұқсауға тырысу, сол адам құлшылық қылған жерде құлшылық етіп, жүрген жерімен жүру, оның қабірін зиярат ету, ақыретте өзімен кездесуді үміт етуден асқан бақыт бар ма?

Мұсылмандар ең бақытты жандар, себебі бұл өмірдің жалған екенін біледі. Бұл жалғанда қайғы да, қуаныш та мәңгі емес. Сондықтан да Жаратушыға иман еткен жан бар өмірін бақыттың соңынан қуумен өткізбесі анық. Олар жер бетінде жолаушы секілді иығына ауыр жүк арқаламай, Хақ Тағаланың Рақымы мен кешірімінен үміт етіп ғұмыр кешеді, сондықтан олар – бақытты!

Алла Тағала барша мұсылман үмметіне Өзінің Дидарын көру бақытын бұйыртсын! Әмин! 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру