Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Береке қайда жатыр?

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 28.02.2018 9664 0 пікір

 

Береке сөзі араб тілінен аударғанда «иләһи құдірет» деген мағына береді. Шариғатта ғалымдар бұл сөзді «Алланың құпиясы» деп түсіндіреді.

Береке – арту, көбею дегенді білдіреді. Мал- мүліктің көбеюі, үйдің ішінде тыныштықтың орнауы, ас- ауқаттың мол болуы, отбасы мүшелерінің көптігі әрі көркем мінезді болуы, уақыттың берекелі болуы, денсаулықтың мықты болуы, өмірдің ұзақ әрі сауапты амалдарға толы болуы, білімнің пайдалы болуы – берекенің артқанының белгісі. Бір сөзбен айтқанда, береке – өзі ішіне барлық жақсылықты қамтыған, Алланың рақымы адам баласын қоршап тұрған әрбір дүниеге түседі.

Рахиб әл-Асфахани берке жайлы: «Береке – Құдайдың рақымының тұрақты бір нәрсеге түсіп тұруы»,- деп айтқан екен.

Ардақты пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұғаларынан Алладан береке сұраудың маңыздылығын байқаймыз. Сонымен қатар, бізді тамақтандырған адамға да береке тілеуді:  

«Раббым, бұл жандарға бергеніңді берекелі ет, оларды кешіріп, рақымыңа бөлей гөр!»,- деп үйреткен. (Муслим)

Әз елші Алла Тағаладан былай деп береке сұраған:

 

«Раббым, осы берген нығметіңді бізге берекелі ет!» (Әбу Дәуіт)

Хаким ибн Хизам: «Бірде Алла елшісінен әлдене сұрадым, ол кісі сұрағанымды берді, артынан тағы да сұрадым, ол кісі және берді. Кейін тағы да сұраған едім, сұрағанымды беріп: «Уа, Хаким, бұл дүние тәтті жеміс секілді, ол жомарттықпен алған адамға берекелі болады, ал құмартып алатын болса, берекесі қашады, ол адам жесе де тоймайтын адаммен тең болады»,- деп айтқанын жеткізген. (Бұхари)

Қасиетті Құранда Алла Тағала:

«Сендер игілік жолында не сарп етсеңдер де, Алла оның орнын толтырады. Ол ризық берушілердің ең қайырлысы»,- дейді. («Сәбә» сүресі, 39- аят) 

 

Әбу Һурайра Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Садақа ризықты кемітпейді»,- деп айтқанын жеткізеді. (Муслим)

Сондай- ақ, Әбу Һурайра әз пайғамбардың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Алла Тағала: «Уа, Адамның ұрпағы! Игіліктеріңді жақсылыққа жұмсар болсаңдар, Мен де сендер үшін жұмсаймын!» деген»,- деп айтқанын жеткізген. (Муслим)

Әнас ибн Мәлік Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тамақтанып болған соң:

«Кімнің қолынан тамақ жерге түсіп кетер болса, шайтанға қалдырмай оны алып, қағып-тазалап жеп қойсын»,- дегенін жеткізген.

 

Және де ол кісі тамақты тауысып жеуді бұйырып:

«Алдыларыңа келген астың қай бөлігінде береке жатқанын білмейсіңдер ғой»,- деген. (Муслим)

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру