Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ашуланба – жәннаттық боласың

Әйгерім Есқожаева muftyat.kz 07.02.2018 6634 0 пікір

 

Бірде бір сахаба пайғамбарымыздан (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есінде қаларлық, қысқа ғана кеңес беруін сұрайды. «Ашуланба»,- деді Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  Әлгі адам  өтінішін бірнеше рет қайталайды әрі әр кезде ол пайғамбарымыздан (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ашуланба!»,- деген жауап алады». (Сахих Бұхари, 76)

Ашу – адамдарға сыртқы әлемнен қорғану үшін берілген табиғи әрі сан қырлы сезім. Егер оны саналы түрде пайдаланар болса, ол жақсы нәтижелер береді, алайда оны игере алмаған жағдайда құрдымға кетіреді. Ашу жоқ дегенде екі адамды бақытсыз етеді.

Бізді дұрыс түсінбеген жағдайда, біздің қалауымыз қанағаттанбаған кезде немесе қауіп төнгенін сезгенде я болмаса біздің бағалы нәрсемізге немесе жақынымызға қысым көрсетілсе, қандай да бір мақсатқа жетуге кедергі келтірер болса- ренжиміз. Бұл сезім өзімізді қорғау барысында мазасыздық, жек көрушілік, кек сақтау секілді сезімдерге жол ашады. Мәселені шешу үшін бізге ашу шақырған мәселенің негізгі себебін түсініп алу қажет. Ашу сезімі мәселені шешуге кедергі келтіріп қана қоймайды, ол өзімізді жалғыз әрі бейшара етіп сезіндіреді. Ал ол сезім ашуды үдете түседі. Нәтижесінде біз шектен шығып кетеміз.

Зорлық. Бұл атау нашар, теріс әрі санасыздықпен жасалған ашу түріне қолданылады. Бұл амал адамның өзін де, айналасындағыларды да құртады. Ол адам мен қоғамды бір- біріне дұшпан етеді. Ол физикалық және психологиялық ауру және қоғамдық күйзеліс тудырады.

Аристотель:

«Кез келген адам ашуланады. Мұны жасау, оңай. Алайда дәл уақытында, тиісті адамға дұрыс ашулану – екінің бірінің қолынан келмейді, ол оңай емес»,- деген. 

Ежелгі жапон ертегісінде ұстазына Жәннат пен тозақты көрсетуін өтінген ашушаң самурай жайлы айтылады. Ұстазы менсінбеген үнмен оған: «Сен есексің. Саған уақытымды кетіргім келмейді»,- дейді. Самурай ашуға булығып, қылышын суырып алып: «Осындай тәкаппарлығың үшін сені өлтіремін». Оның мұнысына ұстазы: «Міне, бұл Тозақ»,- дейді. Самурай ұстазының сөздеріне абдырап қалады да тынышталып, қолындағы қылышын жерге қояды. Осыдан соң ұстазына иіліп, ұлағатына алғыс білдіреді. «Ал мынауың Жәннат»,- дейді ұстазы.

Сезімді ұғыну мен сезімнің алмасуы – екеуі қоян қолтық жүреді. Ұғыну – негізгі ептілік, қалған сезімдердің басқарылуы осыған байланысты болады. Мысалы, байсалдылық. Адамның ашуы келгенін түсінуі, ашуға салынудан гөрі оған үлкен рухани бостандық береді. Егер адам артқа қадам басып, жағдайға кеңірек қарар болса және де ол жағдайды жақсы ойда талқылар болса ашудың отын өшіре алады.

Сулеймен ибн Сурад:

«Бірде мен пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жанында едім. Қасымызда бір- бірімен дауласып жатқан екі адам отырды. Біреуінің жүзі қызарып, ашудан күре тамыры шығып кетті. Мұны көрген Алла елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен ашуды басатын бір сөзді білемін. Егер адам: «Қуылған шайтанның жамандығынан Аллаға сиынамын» дер болса, ашуы басылады»,-деді. Қасында отырған сахабалар Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кеңесін ашуланған адамға жеткізді». Алла елшісінің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кеңесі әлгі сахабаға жеткен кезде, ол тынышталып, өз- өзіне келіп: «Менің есім ауып қалды ма? Маған не болды?»,- дейді»,- дегені жеткен. (Риәдус—Салихин, 6, 265 б; Бұхари, Адаб, 4476).

Мұсылманды Аллаға сиынғаннан өзге не нәрсе құтқарсын? Зорлық пен қорлау сөзі мәселені шешпек түгіл, ызаның отын үдете түседі. Ондай мінез- құлық бізді ешқашан ақтай алмайды және де жағдайды игеруге көмек бермейді. Жағдайға сырт көзбен қарау шайтанның тұзағына түсуден сақтайды. Ал бұл, өз кезегінде мәселені Алланың жәрдемімен шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, ашуымыздың себебі мен оны шешу жолдарын түсінеміз.

Жоғарыда келген хадис кейде:

«Ашуланба, себебі ашу- амал мен сезімдерді бұзады»,

ал кейде:

"Ашуланба, Жәннаттық боласың!»,- деп те айтылып жатады.

(Риәдус-Салихин, 6, 268 б)

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру