Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бауыржан Нығызбекұлы: БАТА БЕРЕ БІЛЕСІЗ БЕ?

17.05.2016 6365 0 пікір

Бата беру халқымыздың ертеден жалғасып келе жатқан салт дәстүрінің бірі.Ұлтымыз батаны ерекше қастерлеген. Қазақ халқы өз тұрмыс салтында барлық игілікті ісін тек батамен бастаған. Ардақты пайғамбарымыз да () ықылас батаға қатысты өз хадистерінде айтып өткен. Батаға байланысты бабалардан да қаншама ұлағатты сөздер қалды?.Бата беруге айырықша мән бергендігін батаға байланысты көптеген нақыл сөздерден білеміз.

«Баталы құл арымас», «Көп тілеуі көл», «Батамен ел көгерер» дейді халққымыз. Осы сөздерден ақ қазақтың ақ батаға деген көзқарасының қандай болғанын байқауға болады.

Қазақ халқы қашандаүлкеннен бата алуды жақсылыққа балаған. Балаларына жас кезінен бастап ақ үлкендерден бата сұраған. Сол арқылы үлкендерді құрметтеуге, қасиетті дінімізге бет бұруға ықпал жасаған. Батаның адам өмірінде алатын орны айырықша.

Халқымыз ежелден бата беруге аса талғаммен қараған. Батаға ерекеше мән, маңыз берген. Батаны албаты кез келген адам емес аузы дуалы, елге сыйлы ақсақал адамдар беретін болған. Бата берудеайрықша мән маңызбен өзіндік жосын жоралғы бар.

Батаның сөздері әуелі Бисмилладан басталып, Ұлы Жаратушы Алланың мейір шапағаты мен ізгілігі туралы айтылуы тиіс. Сосын жақсы тілек тілеумен өрілу керек. Бата сөздері шешендікпен айтылған,ұтымды, түсінікті, аса мағыналы болуы шарт.Бата беруші ақсақалдар айтатын батасының сөздеріне айырықша мән берген. Бата кімге айтылып тұр, қандай жағдайда беріліп тұр, соған байланысты да мәтіні өзгеріп тұрған.

Қазақта бата алудың мағынасы көп. Бата берудің өзіндік түрлері бар. Қазақта алыс сапарға шығарда шығарда үлкендерден бата алады. Сонымен бірге арнайы барып қадырлы ақсақалдардан бата алады. Және жас жұбайларға, нәрсете туғанда, сүндет тойларда, той думандарда қадірлі қариялардан арнайы ақ бата сұраған.

Бата көңілге сенім ұялатады, адамды тәубешілдікке, үміттенуге жетелейді. Алланы тануға, пайғамбарды ұлық тұтуға, иман келтіруге бастайды. Сондығымен де батаның маңызы жоғары.

Соңғы кездегі қарияларымыз бата беруге келгенде тастақ жерді басқан тағасыз аттай кібіртіктеп, адымы жазылмай қалады. Қазіргі заманда көбінде бата беретін ақсақалдарға көпшіліктің көңілі толмай жатады. Бата тойда айтылатын тілектерге ұқсап кеткенге ұқсайды деген сын пікірлер жиі естіліп жатады. Бата мен тілек екеуі екі басқа дүние. Тілек ол кез келген адам өз ниетін, ықылас білдіретін сөз. Ал батаның орны басқа.

Бата берудің халқымызда ғасырлар бойы қалыптасқан әдептері мен өзіндік үлгілері бар. Жасынан бата тыңдап өскен, өзі бата алған жандар батаның қадыр қасиетін жете біліп, ақсақал болғанда өзі де тамаша батагөй болады

Қазір көп бата берушілер көбінде жаттанды ұран сөздермен немесе кітабитілмен бата береді. Қазіргі баталарда халқымыздан жалғасқан төгілмелі шешендік ойлармен көмкерілген батаның небір үлгілері көп кездесе бермейді. Бата тойда айтылатын жаппай тілектерге немесе жалаң ұрандарға ұқсамауы керек.

Сондықтан да бата беруші ақсақалдарға көбінде халықтың көңілі толмау себептері де осында болса керек.

Бата берудің дәстүрлі үлгілерінде:

Әуелі Алла оңдасын,

Оң жағыңнан қолдасын, деп басталады.  Мұнда Алланы тану мен пайғамбарларға сену, Алладан рахым мен шапағат тілеу басым боп келеді.

 Бата беруде шешендік пен көрегенділік, тектілік, имандылық аса қажет.

Халқымыз белгілі адамдары анадан бата алған немесе мынаның батасы тиген деп жатады. Батаның қабыл болу құдіреті Ұлы Жаратушының қолында. Халқымыздың бата мен ақ тілекті бәрінен де жоғары қойған.

Бүгінде кей өңірлерлде халқымыздың батагөйлік дәстүрін жаңғырту мақсатында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі кезінде бата беру сайысын өткізіп жатады. Бұл керемет бастама. Себебі атадан балаға жалғасқан осынау ұлы дәстүр өз сабақтастығымен дамуы тиіс. Сондықтан бабалар салтын осылай жаңғырту қазіргідей заманда аса керек рухан серпіліс. Заманға сай батагөй қарттар азайып ара жатқан мына заманда жыл сайын батагөйлер сайысын өткізіп тұрудың маңызы зор.

Ата-бабаларымыздан батаның небір жауһар үлгілері сақталып бүгінгі ұрпақ бізге жетті.

Барлығымызда баталы болайық. 


Бауыржан Нығызбекұлы,

Шығыс Қазақстан облысы

«Өскемен орталық мешітің» Бас имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру