Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қарттар үйіне қайырымдылық жасалды

23.02.2017 887 0 пікір

ҚМДБ жастар ісі бөлімінің Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруыменен Ақтау қаласындағы Қарттар үйінде қайырымдылық шарасы өтті. "Жан жылуы-өмір шуағы" атты мерекелік шараға «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол-жастар» жастар қанаты да қолдау көрсетіп, мүшеліктегі жастар өз өнерлерін ұсынды. Жылулық пен мейірімділік сыйлаған кешке 

облыстық Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тəрбиеленушілері де шақырылды. Маңғыстау облыстық орталық мешітінің найб имамы Атибеков Елдар  қарт кісілерге көмек көрсету, олардың қамкөңіл жандарына жақсы сөздер арнау - адамгершіліктің үлгісі екенін жеткізіп, үлкенге - құрмет, кішіге - ізет жайында уағыз насихат айтты.
Жастар өздерінің əн - күйімен, термесімен сахнада өнер көрсетті. Бірі поэзияға кезек берсе, бірі биімен тамсандырды. Сонымен қатар, қарттарға арнайы дастархан жайылып, жастар олармен бірге əңгімелесіп пікірлесті.

 

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат