Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақжайық ауданында Мәуліт мерекесі

12.01.2017 732 0 пікір

Ақжайық ауданында Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген айын – қасиетті Мәуліт мерекесін атап өту шарасы басталды.

Аудандық мешіттер Мәуліт мейрамына орай рухани-танымдық шара ұйымдастырып, ұлық  мерекені жамағатқа кеңінен насихаттау үстінде.

Екі дүние сардарының адамзатқа үлгі болған өнегелі өмір жолын ұлықтаған осынау ғибратты мол шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі, «Орал» облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан Тыныштықұлы арнайы барып, қатысып қайтты.

Ақжайық аудандық жамағатын Мәуліт мейрамымен құттықтаған Бас имам өз сөзінде: «Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген Мəуліт айы – Ислам тарихындағы аса маңызды мереке. Пайғамбарымыздың көркем мінезі мен өнеге жолын айтып, үмметке сүннет болған ізгі  дəстүрді жалғап, халыққа қызмет етіп жүрген жандарға Алланың рақымы жаусын, - деп ақтілегін жеткізді.   Имандылық жолында қызмет етіп жүрген Құрман Жанұзақұлы,  Марат Жеңісұлы, Әлжан Нұржанұлы, Нұрсапа Мәселұлы сынды азаматтарды  облыс имамы Руслан Сұлтановтың "Алғыс" хатымен марапаттады.

Шарада тағылымды терме айтылып, "Адасқандар" атты көрініс қойылып, асыл дініміз туралы ғибратқа толы қойылымды  көпшілікке ұсынды. Сонымен бірге, аудандық мәдениет үйінде діни кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат