Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жетімдерге дастархан жайылды

07.04.2014 40335 0 пікір

«Амин» мешітінің бас имамы Мұсабек Ақтамберді Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан Алматы қаласы Орбита 3 мөлтек ауданындағы №1 балалар үйінің 147-тәрбиеленуші балаларына қайырымдылық дастарханын демеушілердің көмегімен жайып, ас беріп Құран оқып, бата берді. 

Бұл шараға имаммен тығыз байланыста жүрген кәсіпкер азаматтар демеушілік жасап, №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне дастархан жайды.   Жетімдіктің күнін кешкен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың аманатын қажымай үмметіне жеткізіп кетті. Ата-бабаларымыз сан-ғасырлар бойы амалына асырып келе жатқан Абу Ханифа мәзһабымыз елдің ынтымағы мен бірлігі, татулығы мен бейбітшілікті қалайтынын тарих беттері дәлелдеп берді. Еліміздің болашағы жастардың қолында дегендей, иманды ұрпақ қоғамның дұрыс дамуының кепілі болары анық деп - имам жастарға бата берді.   Бас мүфтидің биылғы жылы қайырымдылық іс-шараларын өткізуді алғы орынға қоюының өзі, Елбасының жолдауымен байланысып, өзінің ерекше орнымен жалғасып келеді. Сол себептен,  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан балаларға арнайы жасалған дастарханнан үш топтан 147-тәрбиеленуші балалар ұлттық тағамнан жеп, ризалықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Қайырымдылық дастарханның демеушілері болған кәсіпкер азаматтар: Қ. Әбіханов, А.Айнақұлов, Қ Бектановтарға Алла істеріңізге береке беріп, «жетім көрсең жебей жүр» – деген Алла мен пайғамбарымыздың сөздеріне амал еткен жандарға Алла жар болсын дейміз.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат