Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ-2016: ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

08.09.2016 1240 0 пікір

Қазақстан Қажылық Миссиясының төрағасы Бейбіт Мырзагелдиев Мекке қаласында қажыларға қызмет етіп жатқан 10 фирма басшыларымен жиын өткізді. Басқосуға Қажылық миссия өкілдері мен дәрігерлер, БАҚ өкілдері, имамдар қатысты.

Басқосуда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы тапсырмасына орай қажылардың қауіпсіздігін бақылау жұмыстарын күшейту мәселесі қаралды. Миссия төрағасы Бейбіт Мырзагелдиев сөз алып, барша жамағатты бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, Бас мүфти кеңесшісі Қуат Раев Қажылық миссияның жаңа бағдарламасын фирма басшыларына таныстырды. Онда сапалы қызмет көрсету деңгейін көтеру үшін түсіндіру жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, қажылардың топпен құлшылық етуі, дәрігерлер кезекшілігінің дұрыс атқарылуы, қажылардың күнделікті денсаулығын бақылауы, т.б. мәселелер қамтылған. Қазіргі уақытта Миссия қажылықты үйлестіретін жаңашыл тың идеяларды жүзеге асыру бағытында жұмыс жасауда.


«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қажылық маусымын жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін арнайы Миссия құрамын бекітіп, білікті мамандарды жіберді. Қажыларымызға жүйелі уағыз айтылып, дәрігерлердің медициналық тексеруін күн сайын қадағалап отыруына көңіл бөліңіздер. Сонымен қатар қауіпсіздік шараларына аса мән берулеріңізді талап етеміз», – деді кездесуде Қажылық Миссиясының төрағасы Бейбіт Мырзагелдиев.


Айта кетейік, бүгінде Мекке қаласында қажылық фирмалардың қызмет сапасын арттыру мақсатында Миссия тарапынан қажылар арасында арнайы сауалнамалар, бақылау жұмыстарын жүргізуде. Миссия төрағасы қажылармен жеке кездесу барысында дәрігерлер тобының жетекшісі Руслан Ізбасаров мырзаны таныстырып, медицина мамандары кез келген уақытта алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Ал уағыз айту, пәтуа беру жұмыстары ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің білікті мамандары – Бауыржан Абдуалиев пен Бауыржан Әлиұлына жүктелгенін қаперге салды.

 

Қажылық Миссиясының ақпарат бөлімі

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат