Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

АЛМАТЫ: Өкіл имам өзекті мәселені қозғады

26.08.2016 1757 0 пікір

ҚР Конституциясы күніне арналған "Этносаралық және дінаралық татулық - Қазақстанның тұрақты дамуының негізі" атты конференциясының резолюциясында Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет жиылған жұртқа Бас мүфти сәлемін жолдай отырып, Этносаралық және дінаралық келісім тәуелсіз Қазақстанның аса құнды байлығы екендігіне тоқталды.

Өзекті ойлар айтылған жиында өкіл имам «Қазіргі кезеңде әлемдік қауымдастық экономикалық дағдарысты, саяси, ұлтаралық, дінаралық шиеленістерді бастан кешуде. Әсіресе, адамзат жаңа ғасырда бұрын-соңды болмаған діни алауыздықтар, дау-жанжалдар, ұлтаралық қақтығыстармен бетпе-бет келді.

Бүлікшілердің бұл әрекеті, сөз жоқ, дәстүрлі дінімізге деген анық қарсы әрекет, адамшылыққа да жат амал.

Халқымызда: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», – деген нақыл сөз бар. Ортақ мақсатқа жету үшін бәріміз бірігіп, бір-бірімізге көмекші болуымыз тиіс.

Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру игілігіне өз үлесін қосатын қуатты күш.

Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымаққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет. Ал өзара келісім мен жарасымдылыққа Ислам дінінің қосар үлесі өлшеусіз», - деп өз сөзін түйіндеді.

Алла Тағала күллі жер бетінде тыныштық орнап, тату ғұмыр кешуді нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әмин!

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат