Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

АЛМАТЫ: Көп балалы аналарға құрмет көрсетілді (ФОТО)

07.03.2016 1099 0 пікір

Алматы қаласы, Бостандық ауданында орналасқан үйде тұратын көп балалы және жалғыс басты аналарға құрмет көрсетілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет заманауи үлгідегі жаңа екі газ пеші мен әр отбасыға бір айлық азық түлік сыйға тартты.

Ал, сол үйдің кішкентай тұрғындары, балаларға арнайы ойын алаңы құрылып, бүлдіршіндерге тәттілер үлестірілді.

Шараға Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет қатар Бостандық ауданы «Орбита» мешітінің Бас имамы Асет қажы Аташов және ҚМДБ Жастар ісі бойынша Алматы қаласының жауапты өкілі Есім Ержан қатысты.

Аталмыш шараға дән риза болған тұрғындар Діни барқармаға алғыстарын айтып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Ақ жаулықты аналар Алладан ел тыныштығын сұрап, имамдардың жұмысына сәттілік тіледі.

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат