Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қайырымдылық жасалды

18.02.2016 1048 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен, Бас имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлының тапсырмасына сәйкес қаламыздағы бірқатар мешіттер бірлесе қайырымдылық шараларын өткізуді жоспарлаған болатын.

Қайырымдылық шарасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, тұрмысы төмен отбасыларына, балалар үйіне көмектер көрсету қолға алынды. 

Осындай игілікті шараның бірі қаламыздағы №7 ақыл есі кем балаларға арналған мектеп интернатында өтті.

Аталмыш мектеп интернатына қайырымдылық сесебінен соңғы үлгідегі жаңа тоңазытқыш пен кір жуу машинасы сыйға тартылды. 

Сауабы мол қайырымдылықты жүзеге асыруға  қаламыздағы  «Мүсірәлі ата», «Хазірет әлі» және «Алдажар жәме» мешіттері өз үлестерін қосты.

Мектеп интернат үйінің ұжымы өз кезегінде алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат