Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Аудандарда өткен мәуліт мерекесі

14.01.2016 1166 0 пікір

Теректі ауданында екі дүние сардары болған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) Мәуліт мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мәуліт мерекесіне арнайы ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов қатысып қайтты.

Өкіл имам Руслан Тыныштықұлы жиылған жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтап, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с ) өмірі жайында уағыз айтып, Теректі аудандық әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов дүйім жұртты мәуліт мерекесіне байланысты жүрекжарды тілегін жеткізді.

Құттықтау сөзден кейін, Баубек қари Бектұрғанов Пайғамбарымызға арнап мәуліт салауат оқып, мешіттердің шәкірттері иләһи әндерімен және терме жырларымен, сахналық көріністері қойылды.

Одан кейін мәуліт мерекесі Ақжайық ауданында өз жалғасын тапты. Шара соңында ақ дастарханы жайылып, салихалы әңгімелерімен бөлісті.  

Мәуліт мерекесінің ғибратты шарасынан халық, рухани азық алып, көңіл қуаныштарымен тарасты.

Нұрлан  САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат