Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сауат ашу курсының шәкірттерімен жүздесті

22.10.2015 590 0 пікір

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Азильханов Марат Алмасұлы, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай Тағанұлы, Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев пен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы орталық мешіттің жанынан ашылған екі айлық сауат ашу курсына барып, білім алушылар мен қызметкерлердің жағдайымен танысып қайтты.

Әр аудан мен ауылдық жерден келген білім алушылардың барлығы медреседе тегін жатып білім алады. Барлық жағдайлары жасалған. Осының барлығын өз көзімен көріп, танысып қайтқан наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы оқушылармен кездесіп, сұрақтар қойып өзара сұхбат жүргізді. Оқушылардың жағдайымен танысып қайтқан наиб мүфти егерде біліи алу жолында жетіспей жатқан дүниелер болса, өзінің қолдау көрсетіп, қажеттіліктерін өтейтінініне уәде берді.

Кездесу соңы қонақтарға арнайы жайылған дастарханмен жалғасын тапты. Дастархан басында да басшылар келелі мәселелерді талқылап, сауат ашу курсында білім жатырған шәкірттердің ары қарайда жоғары оқу орындарында білім алуларына жағдай жасауға қол ұштарын созатындары туралы айтты.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат