Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сыр өңірінде жаңа мешіт ашылды

06.10.2015 1498 0 пікір

Қызылорда қаласы, «Ақмешіт» мөлтек ауданында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы, Еңбек Ері Абзал Ералиев, Мүсірәлі баба атындағы қордың басшысы Сәмит Далдабаев және қала тұрғындары қатысты.

Жалпы жобалық құны 210 млн. теңгені құрайтын 400 адамға арналған имандылық үйі «Абзал и К» толық серіктестігінің қолдауымен салынды.

Бас мердігер «Абзал Проект Консалтинг» ЖШС мешіт құрылысын 2014 жылдың қыркүйегінде бастаған болатын. Мешіт үлкен зал, әйелдер бөлмесі, дәрісханалар және бас имамның бөлмесімен қамтамасыз етілген.

Ашылу салтанаты барысында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров «Абзал и К» толық серіктестігінің басшысы А.Ералиевке ризашылығын білдіріп, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан алғыс хат табыстап, күміспен көмкерілген қасиетті Құран кітабын сый етті.

Аталмыш мешітке  орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұстаздық қызмет еткен Берік Арын бас имам болып тағайындалды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат